Манипуляция

Манипуляция: «Нидерланд хабар тарату компаниясының кеңсесіне вакцинадан қайтыс болған адамдардың аты-жөні жазылған стикерлер жабыстырылды»

Telegram чаттарында Нидерланд хабар тарату компаниясының бас кеңсесіне COVID-19 қарсы вакцинациядан қайтыс болған адамдардың есімдері жазылған стикерлер жабыстырылғандығы туралы хабар тарады. Неліктен бұлай болды? Нидерландта вакциналарға жағымсыз реакциялардың салдарынан осыншама адамның қайтыс болғаны рас па? Анықтайық.

Бұл жағдай 5 ақпанда Хильверсум қаласында Нидерланд хабар тарату компаниясы бас кеңсесінің кіреберісінде орын алған. Шараны жергілікті вакцинацияға қарсы адамдар және қастандық теориясын жақтаушылар ұйымдастырды. Олардың наразылығына нидерландтық БАҚ 2022 жылғы артық өлім-жітім туралы айтпай отырғаны себеп болған, антиваксерлердің пікірінше, бұл COVID-19 қарсы вакцинациясымен байланысты.
Шындығында, мұндай мәлімдемелер толықтай негізсіз. Біріншіден, Нидерландтың хабар тарату компаниясы 2022 жылы өлім-жітімнің жоғары деңгейі туралы бірнеше рет ақпарат жариялады.
Бұл құбылысты зерттеген мамандар статистиканың өсуіне тұмау мен COVID-19 айтарлықтай әсер еткен деген қорытындыға келді.
Нидерланд елінің статистика бөлімінің ресми сайтында артық өлім-жітім көрсеткіші тек халықтың егілген бөлігі арасында ғана байқалғаны туралы хабарламалар жоқ. Сонымен қатар 2023 жылдың қаңтарында Нидерландта артық өлім-жітім тіркелмеген. 
Вакцинация нәтижесінде көз жұмғандардың аты-жөні жазылған стикерлерге келетін болсақ, бұл акция жалған және халықты шатастыруға бағытталған.
Нидерланд Лареб фармакологиялық қадағалау орталығының есебіне сәйкес, 2022 жылғы ақпанда елде COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін болған өлім туралы барлығы 662 хабарлама тіркелді. Алайда, олардың қаншасы вакциналармен байланысты екенін нақты айту мүмкін емес.
«Әдепкі бойынша, Лареб әр өлім туралы хабарламадан кейін қосымша ақпарат сұрайды. Кейде хабарлаушылар қосымша ақпарат сұрауларына жауап бермейді немесе оларда деректер болмайды. Марқұмның жақын туыстары да өлімнің тіркелген себебі неде екенін әрдайым біле бермейді. Сонымен қатар негізінен егде жастағы адамдар арасындағы өлім туралы хабарланады», – делінген хабарламада. 
Демек, мыңдаған аты-жөні бар стикерлер вакцинация салдарынан өлім-жітімнің артқанының белгісі деп ойлауға негіз жоқ.
Қорыта айтқанда, таратылған ақпарат – манипуляция. Нидерландта наразылық шарасы болды, бірақ оның себептері объективті шындыққа қайшы келеді. Нидерландтағы артық өлім-жітім COVID-19 қарсы вакциналармен байланысты емес және бұқаралық ақпарат құралдары бұл жайлы хабарламай қойған жоқ, керісінше мәселе бойынша бірнеше рет ақпарат жариялады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button