Манипуляция

Манипуляция: «Каддафи капиталистік компаниялар вирустарды қасақана шығаратынын айтқан»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда пайдаланушылар ливиялық диктатор Муаммар Каддафи 2009 жылы капиталистік компаниялардың вирустарды қасақана шығарады деп мәлімдегені туралы жазуда. Бұл – ескі манипуляция.


Бұл дәйексөзді вакцинацияға қарсы адамдар 2020 жылы, COVID-19 пандемиясының ортасында тарата бастады. Осылайша олар барлық вирустардың, соның ішінде SARS-CoV-2 коронавирусының қолдан жасалатынын дәлелдеуге тырысты.
Алайда, Каддафидің сөздері мұны дәлелдемейді. Ол өз сөзінде ешқандай дәлел келтірмеген. Оның үстіне, вакциналар жаман деп мәлімдемеген. Керісінше, ол фармакологиялық компанияларды барлығына иммундауды тегін етуге шақырған.
Барлық вирустардың зертханада жасалатыны туралы теорияға келетін болсақ, ол дәлелсіз және дәлелденген ғылыми фактілерге қайшы келеді. Мәселен, алғашқы вирусты ғалымдар 1892 жылы ашқан. Бұл темекі мозайкасының вирусы болды. 
Біздің дәуірімізге дейінгі медициналық трактаттарда аталған аурулар да бар, кейіннен олардың вирустық сипатта болғаны анықталды. Ғалымдар қарапайым герпес вирусының алты миллион жыл бұрын болғанын біледі. В гепатиті вирусы 7000 жыл бұрын болған. Мұны ғалымдар 2018 жылы тапқан олжаның көмегімен анықтай алды. Жеті мың жыл бұрын қайтыс болған жас жігіттің бауыр фрагментінен анықталған вирус ДНҚ-сын секвенирлеу нәтижесінде В гепатиті вирусы табылды.
Алты миллион жыл бұрын да, 1892 жылы да ғалымдарда қолдан вирустар жасауға мүмкіндік беретін технология болмағаны анық. Яғни, ауру тудыратын ағзалар табиғи жолмен пайда болды және оларды зертханаларда жасады деп санауға негіз жоқ. Муаммар Каддафидің сөздері бұл гипотезаны растамайды.
Демек, таралған дәйексөз манипулятивті. Ливия диктаторының вирустардың қолдан жасалатыны туралы сөзі оларды зертханаларда жасайтынын білдірмейді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button