Фейк: «Мұздықтардың еруінен теңіз деңгейі көтерілмейді»
Әлеуметтік желілерде мұздықтардың еруінен теңіз деңгейі көтерілмейді деген пікір бар. Пайдаланушылардың сөзінше, кері пікірлер адамдарды қорқыту үшін айтылады. Бұл олай емес.
Мұздықтардың еруі туралы жарияланымның авторы өз сөзінің дұрыстығын «дәлелдеу» үшін екі фотосуреттен коллаж ұсынады. Біріншісінде мұз салынған өлшеуіш стаканда су бар. Екіншісінде – мұз еріген, суы бар стакан. Екі суретте де су деңгейі бірдей. Егер стакандардағы су бірдей болса, онда әлемдік мұхитта да еш өзгеріс болмайды. Бұл жалған.
Ықпа мұздың еруінен дүниежүзілік мұхит деңгейі көтерілетінін Канадада Жаңа Шотландиядағы Сент-Мэри университетінің профессоры доктор Питер Нордлингер дәлелдеген.
Нордлингердің Geophysical Journal International ғылыми журналда жарық көрген «Ықпа мұздың еруінен мұхит деңгейі көтеріледі» деп аталатын мақаласында келтірген есептерге сәйкес теңіз мұзы мен ықпа мұз қайраңдарынан еріген су мұздан шыққан суға қарағанда 2,6% көбірек су қосады. Бұл теңіз деңгейінің шамамен 4 сантиметрге көтерілуіне әкеледі.
Ықпа мұздың еруі теңіз деңгейінің көтерілуіне әсер етпейді деген теорияны Science feedback порталы да жоққа шығарды. Мақалада 1992-2018 жылдар аралығында Гренландияда шамамен 3800 миллиард тонна, ал Антарктида шамамен 2700 миллиард тонна мұз ерігені жазылған. Мұның салдарынан аталған уақыт аралығында жаһандық теңіз деңгейін шамамен 18 миллиметрге көтерілген.
Демек, Қазнетте таралған пікір теориялық тұрғыдан ғана емес, практикада да теріске шығарылған. Ықпа мұздың еруі әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуіне әкелетіні рас.