Алаяқтар Мемлекеттік кірістер органдары атынан қоңырау шалады
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтар туралы ескертеді. Белгісіз біреулер МКК қызметкерлері атынан қазақстандықтарға қоңырау шалуда. Олар салық бойынша мәселе туындап отырғанын айтып, онлайн-кезеккке тұруды ұсынады. Брондау операциясын аяқтау үшін келген кодты айту керек.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Instagram-дағы ресми парақшасында жазған.
«Алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет етеді: салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды.
Егер бұл кодты айтып қойса, алаяқтар салық төлеушінің шотындағы барлық ақшаны иемденеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді», – деп хабарлайды ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі.