Тарих

Фейк: «Өткеннің таңғажайып технологиялары адамдардан жасырылады»

Казнет пайдаланушылары мыңдаған жыл бұрын Жер бетінде өмір сүрген ерекше дамыған өркениет туралы кезекті идеяны талқылауда. Бұл жолы өткеннің керемет өнертабыстары мен технологияларын адамдар жасыратыны туралы ақпаратқа цилиндр бағандар пішіндегі жартастың фотосуреті тіркелген. Бұл сурет қайдан шықты? Бұл ерекше өркениеттің болғанын дәлелдей ме? Талқылайық.

Суретте Сицилия аумағындағы ежелгі тас қашалған орын Кейв Ди Куса бейнеленген. Онда ежелгі гректер Селинунт қаласында храмдар салу үшін тас өндірген. Ғалымдардың айтуынша, онда негізінен құлдар жұмыс істеген.
Олар қолданған технология өте күрделі және көп күш пен шыдамдылықты қажет етеді. Алдымен жұмысшылар жартастан алынған бөліктің өлшемдерін сызған, содан кейін жартастың периметрімен тереңдігі шамамен жарты метр болатын ой ойған. Ол үшін балға мен қола аралар қолданылған. Осыдан кейін осы құралдармен тасты қажетті деңгейге дейін тереңдетіп қашаған. Содан соң бұл бөлікті жартастан бөліп алған. Ол үшін таста ойықтар жасалып, оған ағаштар қойылған. Ал үстінен жылы су құйғанда, ағаш ісініп, тас жарылған. Бүкіл процесс өте ұзақ және уақытты қажет етеді.
Ежелгі Үндістанда да тас қалаушылар осындай технологиямен жұмыс істеген. Олар ағаш қазықтар мен жылы судың көмегімен жартастарда ғибадатхана кешендерін жасаған, оның қабырғаларынан жұмыстың сипатталғандай жүргізілгенін дәлелдейтін іздер бар. 
Археологтардың пікірінше, бұл технологияны бірінші болып ежелгі мысырлықтар қолданған. 
Ежелгі қалалардың тұрғындары таста фигуралар ою үшін балғамен басқа тасты белгілі бір бұрыштан соқан, сондай-ақ ара мен гранит кесектерін қолданған. «Ғалымдар мифтерге қарсы» жобасына қатысушылар мұндай технологиялардың бір бөлігін жандандырған. Олардың тәжірибелерінің видеосын Желіден көруге болады.

Демек, ежелгі қалаларда қолданылған тас өңдеу технологиясы құпия емес. Олардың бәрін ғалымдар сипаттаған және бұл туралы Желіден оқи аласыздар. Сондай-ақ ежелгі тас тасушылар бұрын-соңды болмаған құрылғыларды қолданбағанын растайтын видеолар мен фотосуреттер бар. Ежелгі антикалық сәулет өнері – бұл еңбек пен жұмысшылардың шеберлігінің жемісі.
Қорыта айтқанда, адамдардан өткеннің керемет технологияларын жасыратыны туралы ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button