Фейк: «Кеңестік рубльдер әлі де болса айналымнан шығарылған жоқ»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары КСРО-ның ресми валютасы болған кеңестік рубль әлі де айналымнан алынбаған деп жазуда. Тіпті Ресей банкінің ресми сайтында олардың айырбас бағамы да көрсетілген екен. Бұл нені білдіреді? Түсіндірейік.
Ресей банкінің ресми сайтында «КСРО Мемлекеттік банкінің ресми бағамдары» деген беттер бар. Алайда, бұл ыдыраған елдің валютасы әлі де айналымнан шығарылмағанын дәлелдемейді.
Мәселе мынада, 1992 жылғы 30 қарашада Ресей банкі мынадай ресми мәлімдеме жасады: «Ресей банкі бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік несиелері мен сауда келісімдері бойынша қарыз алушы елдермен төлем және есеп айырысу қатынастары үшін және «Ресей Федерациясының ақша жүйесі туралы» Ресей Федерациясының Заңының мәтінімен сәйкессіздіктерді жою үшін КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарының рубльге шаққандағы бағамының деңгейі мен белгілеу механизмін сақтай отырып, ай сайынғы құнын белгілеуді жалғастырады».
Яғни, қазіргі уақытта Кеңес рублінің ресми бағамы елдер Кеңес Одағы ыдырағанға дейін қол қойған несиелік келісімдер бойынша міндеттемелерді орындай алуы үшін қажет.
КСРО-ның ыдырағаны 1991 жылы қол қойылған Беловеж келісімдерінде және РСФСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жою туралы» қаулысында жазылған.
Демек, Кеңес рублінің өзекті бағамының болуы валютаның айналымнан шығарылмағанын дәлелдемейді. Бұл КСРО ыдырағанға дейін қол қойылған және қазіргі уақытта өзекті болып табылатын несиелік келісімдердің болуын ғана білдіреді.