Дәлелсіз: «Тәуелсіз дәрігерлер COVID-19 қарсы вакциналардан болатын өлім-жітім статистикасы ресми деңгейден бірнеше есе жоғары екенін растады»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар микробиолог Сухарит Бхагди COVID-19 қарсы вакциналардан болатын өлім-жітімнің нақты статистикасы ресми статистикаға қарағанда бірнеше есе жоғары екенін дәлелдегені туралы ақпарат таратуда. Ол досымен бірге вакцина алғаннан кейін қайтыс болған адамдардың денелерін тексерген. Осылайша, өлім екпеден болды деген қорытындыға келген екен. Бұған ешқандай дәлел жоқ.
Доктор Сухарит Бхагди – COVID-19 пандемиясы кезінде танымал болған микробиолог. Оның covid-диссиденттік идеяларды насихаттайтын жеке YouTube арнасы бар және 2020 жылдың басында өз тезистерін ұсынған кітабын шығарды.
Доктор Бхагдидің COVID-19 және осы ауруға қарсы вакцинация туралы идеяларын фактчекерлер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері бірнеше рет жоққа шығарды.
Доктор Бхагди марқұмдарға аутопсиясын жүргізіп, олардың вакцинадан көз жұмғанын анықтады деген тұжырымда оған ешқандай дәлел жоқ екеніне назар аударуымыз керек. Сухарти Бхагди көптеген ғылыми еңбектердің авторы және ғылыми тәжірибелер мен нәтижелерді қалай жасау керектігін нақты біледі. Яғни, онда қандай да бір сенімді дәлелдер болса, онда ол оны тиісінше рәсімдеп, ғылыми қоғамдастықтың талқысына ұсынатын еді деген ой туады.
Осылайша, Бхагдидің тұжырымдарының жалғыз «растауы» белгілі бір «паталогоанатом досының» сөзіне сүйеніп жасаған негізсіз мәлімдемелері. Мұндай ақпаратқа сенуге болмайтыны анық.
COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандар арасындағы өлім-жітім статистикасы дау тудырып, көптеген манипуляциялардың тақырыбына айналды. Дегенмен, бұл деректер баршаға қолжетімді және оларды әртүрлі елдердің мамандары зерттеген. Олар бұл деректерге сенбеуге немесе жалған деп санауға негіз тапқан жоқ.
Демек, доктор Бхагдидің COVID-19 қарсы вакциналардан болған өлім-жітімнің ресми статистикасы бірнеше есе төмендетілгені туралы мәлімдемелер негізсіз және расталмайды.