Fake News

WhatsApp-та 1 маусымға орай төленетін төлемдер туралы фейк тарады

WhatsApp-та қолданушылар Балаларды қорғау күніне орай төленетін біржолғы төлемдер туралы ақпарат таратуда. Аудиохабарламаларда кәмелетке толмаған балалары бар кез келген отбасы мемлекеттен ақша ала алатындығы айтылған. Бұл өтірік.

Бұл төлемді алу үшін банкте әлеуметтік шот ашу керек екен. Пайдаланушылардың айтынша, ақша бірден сонда аударылады.
Шын мәнінде елімізде мұндай төлемдер жасау қарастырылмаған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады. Ведомствоның ресми сайтында Балаларды қорғау күніне арналған төлемдер туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны жазылған.
Сондай-ақ, Еңбек министрлігінің порталында Kaspi қосымшасы арқылы баланың туылуына байланысты біржолғы төлем алуға болатындығы айтылған. Бірінші, екінші және үшінші балаға мемлекеттік бюджеттен 116 394 теңге (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға – 192 969 теңге (63 АЕК) төленеді.
Ведомство күмәнді ақпараттарды таратпауға, тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button