Fake News

Фейк: «Норвегияда жылауға заңмен тыйым салынған»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Норвегияда заңнамалық деңгейде жылауға тыйым салынғаны туралы хабарламаны талқылауда. Жылап жатқан норвегиялықтар ессіз және психикалық ауру деп танылады, сондықтан олардың балаларын тартып алады екен. Бұған дәлелдер жоқ.

Норвегияда көз жасына тыйым салынғаны туралы алғашқы ақпарат 2016 жылы «Комсомольская правда» басылымының сайтында жарияланған. Сайт дереккөз ретінде Buuu.ru жазған. Бұл конспирологияға, уфологияға, үшінші дүниежүзілік соғыс пен алдағы жылдары мемлекеттердің ыдырайтыны туралы болжамдарғ арналған аз танымал интернет-портал.

Көп ұзамай жылауға тыйым салу туралы миф Интернеттің орыс тілді сегментінде тарады. Алайда, оны жариялағандардың ешқайсысы Норвегияның заңнамалық актілеріне сілтемелер жасап, дәйексөздер келтірмеген.

Мұнымен қоса, жаңалық тек орыс тілінде ғана бар. Ағылшын тілінде де, норвег тілінде де мұндай ақпарат табылмады.

Норвегия үкіметінің ресми сайтында жылауға немесе эмоциялардың басқа да көріністеріне ресми тыйым салу туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, көпшілік алдында эмоцияларды білдірген кезде көз жасына тыйым салу туралы жазылмаған. Атап айтқанда, сот кезінде норвегиялық экстремист Андерс Брейвиктің жылағаны туралы жарияланымдарда оның заңмен реттелетіні туралы айтылмайды. 

Дегенмен, Скандинавия мәдениетінде эмоцияны тежеу әдетке айналған және көпшілік алдында сезімді білдіру әдепсіз немесе қолайсыз болып саналады. Бірақ бұл норвегиялықтар көп адам жиналған жерде, қамауға алынғанда немесе басқа да заңды түрде жазаланғанда көзіне жас алмайды деген сөз емес.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button