Манипуляция

Манипуляция: «Бақбақ қатерлі ісік ауруын емдей алады»

Желіде бақбақтың көмегімен көптеген ауыр ауруларды, тіпті бауыр циррозы немесе қатерлі ісік сияқты ауруларды емдеуге болатындығы туралы видео таратылуда. Бұл мәлімдемеде рас па? Анықтайық.

Бақбақтың пайдалы қасиеттері бұрыннан белгілі. Дәстүрлі медицинада көптеген мәдениеттер оны несеп айдайтын дәрі ретінде пайдаланады, ал әлемнің кейбір бөліктерінде оны жейді. Бақбақ жапырақтарының ас қорыту мен тәбетті жақсартатыны белгілі.
Мәселе мынада, бұл қасиеттердің барлығы ғылыми дәлелденбеген. Бақбақтың қасиеттері туралы зерттеулердің көбі жануарларда ғана жүргізілген, сондықтан бұл нәтижелерді адамдарға қатысты қолданған дұрыс емес. 
Бақбақ тамыры сығындысының обыр жасушаларының өсуіне әсері зертханалық жағдайда, яғни түтікшеде жүргізілді. Сығындыны тік ішек қатерлі ісігі жасушаларына тікелей қолданғае. Нәтижелер айтарлықтай болды – ісік жасушаларының басым бөлігі өлді.
Сондай-ақ, бақбақтың басқа типтегі қатерлі ісік жасушаларына, мысалы, асқазан мен сүт безі қатерлі ісігіне әсері белсенді зерттелді. Бұл тәжірибелер де зертханаларда жүргізілді. Демек, қолда бар деректер бақбақ тамырының сығындысы қатерлі ісікке шалдыққан адамды емдей алады деп сеніммен айтуға әлі жеткіліксіз.
Қатерлі ісік жағдайында дәстүрлі медицина және шөптермен емдеу көмектескеннен гөрі зиян тигізуі мүмкін. Онкологиялық ауруларды шөптік препараттармен емдеудің тиімді әдістері жоқ. Осындай әдістерге сүйене отырып, адамдар уақыт жоғалтып алады, ісік өсіп кетіп, оған ота жасау мүмкін болмайды, метастазалар қалыптасады.
Яғни, бақбақтың қатерлі ісікке қарсы қасиеттері адамдарда тексерілмеген, демек, осы өсімдікпен емделуге сену қауіпті. Қатерлі ісік ауруы жағдайында ұдайы дәрігердің бақылауында болып, оның ұсынымдарын тұрақты ұстану қажет.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button