Манипуляция

Манипуляция: «Билл Гейтс сөз бостандығына тыйым салу керек дейді»

Instagram қолданушылары Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің видеосын талқылауда. Жарияланым авторының айтуынша, Гейтс барлық ақпарат біріздендіріліп, тек бір көзден ғана таралғанын қалайды. Бұл рас па? Анықтайық.

Видео – Гейтстің 2023 жылғы 20 қыркүйекте америкалық MSNBC кабельдік телеарнасының тілшісі Ари Мельберге берген сұхбатынан үзінді. Америкалық миллиардер 2023 жылғы есебін ұсынып, өз қорының қызметінің қорытындылары туралы айтты.
Сұхбат барысында әлеуметтік желілер туралы айта келе, Гейтс ондағы адамдар бөлініп, топтасып отыратынын жеткізді. Себебі бәріміз әр түрліміз және кейде бір құбылысқа көзқарастарымыз қарама-қарсы болуы ықтимал. Сондықтан біреулер бір арнаға, басқалары екінші арнаға жазылады. Ал арнаны жүргізушілер олармен өздерінің субъективті пікірлерімен бөліседі. Негізінен олар не болып жатқанының толық емес, фактілермен бөліп ұсынады. Нәтижесінде адамдар дәлелденген ақпаратқа емес, бір адамның субъективті пікіріне сенеді.
Гейтс әлеуметтік желілерде субъективті ақпарат көп деп санайды. Оны мәселені егжей-тегжейлі білмейтін, тек өз пікірін ғана білдірген адамдар ұсынады. Көбінесе басқа адамдар фактілерге сенбей, адамға сенгендіктен қана оынң пікірін қолдайды. Гейтс адамдарды сөз бостандығынан айырмақ деп айтуға негіз жоқ. Оның басты ойы – адамдар әлеуметтік желілерде оқыған барлық ақпаратқа емес, фактілерге сенуі керек.
Біз әлеуметтік желілерден алынған талқылап отырған жарияланым бұған жақсы мысал бола алады. Оның авторы кәсіпкердің сөздерін өзінше түсіндіріп, өз пікірін факт ретінде ұсынған. Манипуляциялауға жол бермес үшін әлеуметтік желілердегі кез келген мәлімдемеге сыни көзқараспен қарау керек.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button