Фейк: «Клаус Шваб әлемдік үкіметті адамзатты бақылау үшін жасанды интеллектті зерттеуге шақырды»
Жасанды интеллект әлемдік үкіметке планетаның бүкіл халқын бақылауға көмектеседі. ДЭФ негізін қалаушы Клаус Шваб осындай пікірін білдірген екен. Ол сөз сөйлеген видеоның үзіндісі әлеуметтік желіде бірнеше рет шыққан. Шваб бүкіл адамзатты бақылау туралы айтты ма, әлде басқа нәрсені меңзеді ме? Анықтайық.
2023 жылдың ақпан айында Дүниежүзілік үкіметтік саммит өтті. Шваб онда сөз сөйледі. Оның сөзінің толық нұсқасы YouTube-те
Желіде таралған фрагментті 7:24 тыңдауға болады. Онда жасанды интеллект туралы ғана айтылмайды. Шваб тыңдаушылардың назарын 10 жылдан кейін өмір бұрынғыдай болмайтындығына аударады. Бұған жаңа технологиялар әсер етеді. Бұл технологияларды кім иеленсе, сол әлемнің қожайыны болады, деді Клаус Шваб.
ДЭФ директоры заманына сай өмір сүргісі келетін елдер мен адамдар жасанды интеллект және синтетикалық биология сияқты жаңашылдықтарды түсінуі керек деп санайды. Бұл ретте саммитке қатысушыларға нақты үндеу жасалған жоқ.
Демек, Желіде таралған хабарлама – фейк.