Хакерлер фейк-таратылымдар арқылы жеке мәліметтерді ұрлайды
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі спам-таратылымдардың артып отырғандығы жайлы хабарлады. Зиянкестер олардың көмегімен компьютерге вирус таратып, пайдаланушылардың жеке деректерін, жеке аккаунттардың парольдерін және банк карталарының деректерін иемденеді.
Хакерлер зиянды хаттарды мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың мекен-жайларына жібереді. Таратылымдарда Lokibot және Remcos RAT типті зиянды бағдарламалық қамсыздандыру бар. KZ-CERT қызметі өкілдерінің хабарлауынша, бұл жария ресурстарды пайдаланушылардың жеке құрылғыларына қауіп төндіруі мүмкін.
Қауіпті бағдарламалық қамсыздандыру құрылғыңыздағы деректерді, соның ішінде жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін ұрлайды. Сондай-ақ, онлайн-банкингке кіре алады. Бұл бағдарламалардың көмегімен хакерлер пайдаланушының белсенділігін бақылайды, соның ішінде пернелерді басуын, скриншоттарды қашықтан түсіруін және түрлі командаларды орындауды жазып алады.
Хакерлік шабуылдардан компьютерге антивирус орнату арқылы қорғануға болады. Мазмұны күмәнді сайттарға өтпеңіз және қайдан шыққаны белгісіз бағдарламалық қамсыздандыруды жүктемеңіз.
Мамандар бейтаныс мекен жайлардан жіберілген хаттарда тіркелген файлдарды жүктемеуге кеңес береді. Қалқымалы терезелердегі жарнамалық сілтемелерге өтпеңіз және осы форматта ұсынылған өнімдерді жүктемеңіз.
Банк карталарының деректерін өнімдер сатып алатын сайттарда сақтамаңыз. Маңызды ақпараты бар аккаунттардың парольдерін браузерде сақтамаңыз.
Егер Ақпараттық қауіпсіздік оқиғасының құрбаны болсаңыз, төмендегі қызметтерге жүгініп, көмек сұрай аласыз:
– 1400 тегін номеріне (тәулік бойы);
– http://www.cert.gov.kz/notify-incident сілтемесі бойынша өтінім жіберу;
– «ҚР Ақпараттық қауіпсіздігі» https://t.me/kzcert; Telegram мессенджеріндегі топқа жазу арқылы;
– incident@kz-cert.kz email-на хат жолдау арқылы.