Fake News

Фейк ақпарат: Мексикада аурухана жанында болған оқиғаны Қазақстанда орын алды деп таратуда

Қазақстанда Whatsapp пайдаланушылар көлікте науқасқа қолдан тыныс алдыру жасап жатқан ер адамның фотосуреті жаппай таратылуда. Жазбаға түрлі пікірлер айтылған. «Бұл әйел Қазақстанда аурухананың алдында көз жұмған» деген де бар. Алайда бұл кадрлардың Мексикада түсірілгені анықталды.

Stopfake.kz фотосуретті іздеу арқылы оның пайдаланушылар әлем бойынша жаппай таратып жүрген вирустық суреттер екенін анықтады.

Бұл ақпаратты жариялаған көптеген БАҚ дереккөз ретінде уругвайлық «Noticiasdahora» басылымының Willamis Franca есімді журналистіне сілтеме жасаған. Репортер бұл фотосуреттерді 11 маусымда Facebook-тегі парақшасында жариялаған. Бірақ Willamis-тың өзі кейіннен бұл ақпаратты 9 маусымда жариялаған RED UNO телевизиялық желісіне сілтеме жасайды.

Сайттағы ақпараттық хабарламада бұл жағдайдың Мехикода Бас аурухананың алдында орын алғандығы туралы айтылған. Әжесін ауруханаға ауыр халде әкелген немересі көмек шақырып келгенше қария көлікте қайтыс болған. Фотосуреттерде немересінің әжесіне қолдан тыныс алдырып жатқан сәті бейнеленген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button