Fake News

Фейк: «CDC маскалардың пайдасы жоқ екенін мойындады»

Қазақстандықтар Instagram-да АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) COVID-19-дан қорғануда маскалардың пайдасы жоқ екенін мойындады деп жазуда. Ведомствоның мәлімдеуінше, маскалар түтін бөлшектерінен қорғамайды, ал вирустар одан да ұсақ, олай болса, маскалар вирустардан да сақтай алмайды екен. Бұл мәлімдемені тексерейік.

CDC маскалардың пайдасыз екенін мойындады деп алдымен Германия пайдаланушылары айта бастады. Олар CDC-тің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған матадан жасалған маскалар орман өрті кезінде күл мен түтіннен қорғамайтындығы туралы ақпаратқа сүйенеді. Пайдаланушылардың айтуынша, түтін бөлшектері вирустарға, оның ішінде, SARS-CoV-2 коронавирусына қарағанда әлдеқайда ірі, яғни маска одан қорғамайды.

Шындығында, бұл жаңсақ пікір, вирустар өздігінен таралмайды. Олар сілекей тамшыларымен және дем шығарған кезде ылғалмен беріледі, сондай-ақ шаң бөлшектеріне жабысады. Маскалар мұндай конструкцияны ұстап қалады.

Сонымен қатар матадан тігілген маскалардың мәні ауру жұқтырған адам шығарған аэрозоль бөлшектері шаң бөлшектерімен бірге оның айналасына таралмай, маскаға қонатындығында жатыр.

Қорыта айтқанда, CDC COVID-19-дан қорғану үшін маска тағу пайдасыз деп мәлімдеген жоқ. Ведомство матадан жасалған маскалар ірі өрттер кезінде түтін мен күл бөлшектерінен қорғамайтынын хабарлады. Қалғанын  пайдаланушылар ойдан шығарған, бірақ олардың пайымы дұрыс емес. Вирустар өздігінен емес, сілекей мен дем шығарғанда ылғал бөлшектерімен таралады, ал маскалар оларды ұстап қалады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button