Fake News

Фейк: «Коронавирустың үнді штаммы суық тиюден қауіпті емес»

Вакцинацияның қарсыластары коронавирустың үнді штаммы қауіпті емес, өйткені одан болатын өлім-жітім 0,1% құрайды деген хабар таратуда. Бұл жалған.


Коронавирустың үнді штаммы немесе Дельта өткен жылдың желтоқсан айында анықталды. 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында бұл індет елде көптеген адамның өліміне себеп болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, дельта қытайлық Уханьда, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка және Бразилияда бұған дейін табылған вирус штамдарына қарағанда тез таралады. Қазіргі уақытта ол 90-нан астам елде, соның ішінде Қазақстанда да анықталып отыр.

Дельтада вирустың адам жасушаларына бекитін сыртқы «спайк» бөлігі екі негізгі мутацияға ұшырайды. Штаммның жұқпалылығы өте жоғары, сондай-ақ ауруханаға жатқызу жағдайлары 2,26 есе және реанимацияға түсу жағдайлары 1,45 есе жиі болады. 
Індетпен ауырған бір адам орта есеппен 5-6 адамға жұқтыруы мүмкін. Бұл ретте ауру тез өршиді, себебі инкубация кезеңі қысқарады – шамамен 7 күн. Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Дельта штаммы өкпе жасушаларын зақымдайды және антиденелердің әсерін төмендетеді.

«Сонымен қатар, ауру жұқтырғандардың буыны, іші қатты ауырады, жүрегі айнып, құсқысы келеді. Ауру салдарынан кереңдік, аяқ-қол микротромбозы болуы ықтимал», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.

«Науқас ауруханаға КТ-2-мен [компьютерлік томография арқылы анықталған екінші дәрежелі зақым] түседі, ертеңгі күні КТ-3 болады, ал бүрсігүні ол реанимацияға түседі», – деді Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) Жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова «Лента.ру»-ға берген сұхбатында.
Шотландиялық ғалымдардың қорытындысы Lancet ғылыми журналында жарияланған зерттеуіне сәйкес, індеттің Дельта нұсқасын жұқтыруға жас адамдар бейім келеді.
Биыл көктемде ДДСҰ коронавирустың «үнді» штаммын «алаңдаушылық тудыратын» жағдай деп таныды. Оған дейін бұл статус «британдық», «бразилиялық» және «оңтүстікафрикалық» штамдарға берілген болатын.

Вирустың жаңа мутациялары келесідей жіктеледі:
«Назар аударатын нұсқа» (VariantofInterest)
«Алаңдаушылық тудыратын нұсқа» (Concern варианты)
«Салдары ауыр болатын нұсқа» (VariantofHighConsequence)

ДДСҰ мәліметтері бойынша, қолданыстағы вакциналар коронавирустың жаңа нұсқасынан әртүрлі дәрежеде қорғай алады.
«Бұл өте маңызды хабарлама, оны баршаңызға жеткізгіміз келеді. Кейбір вакциналардың дельта нұсқаға қарсы тиімділігі төмен, дегенмен, аурудың ауыр ағымы мен өлімнің алдын алуға көмектеседі», – деді ДДСҰ өкілі Мария Ван Керкхове 21 маусымда өткен брифингте.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button