Фейк: «Pfizer және Израиль 5G бағаналары мен егілген адамдар арасындағы байланысқа патент алды»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Pfizer компаниясы мен Израиль адамдарға COVID-19 қарсы вакцина ретінде енгізілген графен арқылы 5G бағаналары мен вакцинацияланған адамдар арасындағы байланысқа патент алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл рас па? Тексерейік.
Тараған хабарламада патент нөмірі көрсетілген – 11107588b2. Ол арқылы Желіден патенттік өтінімнің толық мәтінін табуға болады. Ол «Адамдардың жеке өмірін қорғаудағы емдеу, вакцинация, тестілеу және/немесе іс-шараларға басымдық беру әдістері мен жүйелері» деп аталады және оны 2020 жылы Ehrlich Group-тың негізін қалаушы Гал Эрлих ұсынған. Патентте сипатталған технологияның Pfizer компаниясына да, Израильге де, 5G желілеріне де, графенге де ешқандай қатысы жоқ.
Өтінімде адамдар медициналық ақпараты бар кейбір портативті құрылғыларды өз еркімен алып жүре алатын жүйе туралы айтылған. Бір құрылғы екіншісіне жақындаған кезде, олар жұқпалы ауруды жұқтыру ықтималдығы туралы сигнал береді. Бұл ретте қажет болған жағдайда құрылғылар адамдар көп жиналатын жерлерді және ауру жұқтыру жолдарын бақылау мүмкіндік болатындай деректерді ортақ серверге жібереді. Бұл үшін графен де, COVID-19 қарсы вакциналар да, 5G желілері де керек емес.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз де, біздің шетелдік әріптестеріміз де вакциналарда графен, оның оксиді немесе гидроксиді бар деген қауесетті жоққа шығарған едік.
Демек, таралған ақпарат жалған. Нөмірі көрсетілген патенттің Pfizer-ге, Израильге, графенге немесе 5G компаниясына мүлдем қатысы жоқ. Мұның бәрі конспирологтардың ойдан шығарғаны.