Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың иммунитетті төмендететіні дәлелденді»

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде швед ғалымдары COVID-19-ға қарсы вакциналардың иммунитетті әлсірететінін дәлелдейтін зерттеу жүргізгені туралы ақпарат тарады. Шын мәнінде, ғылыми еңбекте мұндай ештеңе айтылмаған.


Бұл зерттеу рецензияланбаған және препринт болып табылады.
Ол әртүрлі уақыт өткендегі вакциналардың тиімділігінің өзгеруіне арналған. Зерттеуде олардың иммунитетті төмендететіні туралы айтылмайды.
Ғылыми жұмыста уақыт өте келе нақты SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы иммунитеттің төмендеуі жайлы айтылады. Зерттеушілердің мәліметінше, вакциналардың тиімділігінің шыңы, яғни иммундаудан кейін вирус антиденелерінің ең көп шоғырлануы вакцинациядан кейін 15-30 күнге келеді. Бұл көрсеткіш шамамен 2 айдан кейін төмендейді, ал 211 күн өткен соң вакциналардың тиімділігі жоғалады. Бұл Sars-CoV-2 вирусына антиденелердің жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін вакциналардың үдеткіш дозаларының қажеттілігін көрсетеді, яғни вакциналардың иммунитетті төмендететінің белгісі емес,
Демек, швед ғалымдарының зерттеуі вакциналардың иммундық жүйеге зиянды әсерін дәлелдейтіні туралы ақпарат фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button