Фейк: «Графен барлық COVID-19 қарсы вакциналарда болады»
Telegram мессенджерінде 5G толқындарының графен оксидіне әсері көрсетілген видео тағы да тарала бастады. Бейне астынан бұл зат COVID-19 қарсы барлық вакциналарда болады деп жазылған. Бұл өтірік.
Шын мәнінде, бұл роликтің графенге де, 5G технологиясына да ешқандай қатысы жоқ. Видео 2015 жылы Стэнфорд университетінің ғалымдар тобымен түсірілген. Кадрларда барысында электр тогының кастор майы құйылған Петри ыдысындағы металл шарларға әсері көрсетілген тәжірибе ұсынылған. Нәтижесінде шарлар бір-біріне тартылып, ерекше құрылымдар түзеді.
COVID-19 қарсы вакциналарда графен де, оның оксидтері де, басқа туындылары да жоқ.
Қазақстанда тіркелген КВИ қарсы вакциналардың құрамы мен сипаттамалары ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған.
Графеннің COVID-19 қарсы вакциналарда болатыны туралы теорияны мамандар бірнеше рет жоққа шығарған болатын.
Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакциналар құрамында графен оксидінің болатыны туралы хабарлама фейк. Таратылған видеоның вакциналарға да, графенге де ешқандай қатысы жоқ. Кадрларда металл шарлармен және электр тогымен жасалған ескі тәжірибе көрсетілген.