Жаңалықтар

Дәлелсіз:«COVID-19-ға қарсы егілген адамның алғашқы аутопсиясы барлық органдарда вирустық РНҚ бар екенін көрсетті»

Telegram чаттарында COVID-19 қарсы вакцинация нәтижесінде қайтыс болған адамның «алғашқы» аутопсиясы туралы хабарлама таратылуда. Пайдаланушылардың айтуынша, патологоанатомиялық зерттеу кезінде SARS-CoV-2 вирусының РНҚ әр ішкі органнан анықталған. Бұған ешқандай дәлел жоқ.


COVID-19-ға қарсы егілген адамның аутопсиясы туралы хабарламада нақты фактілер жоқ. Автор «Нью-Джерси ауруханасының жұқпалы аурулар жөніндегі бір маманына»,«Жапониядағы зерттеуге» сүйенеді, марқұмның атын да, ол қайтыс болған аурухананы да, оқиға болған елді де атамайды. Яғни, бұл ақпараттың дұрыстығын тексеру мүмкін емес.
Алайда, бұл хабарламада вакцинацияланған адамның «алғашқы» аутопсиясы туралы айтылған тұжырымды да, егілген адамдардың барлық мүшелерінде вирустың РНҚ бар екендігі туралы тезисті де жоққа шығару оңай.
COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты адамдардың өлімі тергелуде. Оның ішінде қайтыс болғандардың денелерін патологоанатомдар зерттейді. Аутопсия күшті аллергиялық реакцияны, анафилактикалық шокты және препаратты қабылдау нәтижесінде пайда болған басқа реакцияларды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін.
Вакцина алған адамдардың өліміне қатысты тергеу егу науқаны басталғалы жүргізіліп келеді. Сараптамалар мен аутопсиялардың нәтижелері вакциналар мен өлім арасындағы байланысты жоққа шығарады. Олардың көбінің қорытындысын Желіден оңай табуға болады.
Патологоанатомиялық сараптамалар кезінде адам денесінің тіндерінде SARS-CoV-2 вирусының РНҚ анықталғаны туралы хабарланған жоқ.
Сонымен қатар, мРНҚ вакциналарын алған кезде, біраз уақыттан кейін адам ағзасының тіндерінде вирустың тұтас РНҚ анықтау мүмкін емес. Иммундау үшін препараттарда қолданылатын мРНҚ өзін-өзі жою үшін бағдарламаланған. Молекула жасушаға еніп, спайк ақуызын өндіруге арналған «нұсқауларды» бергеннен кейін, кейінірек организм антиденелер қалыптастырады, ол ыдырайды. Осылайша, оны вакцинациядан бірнеше күн өткен соң адам ағзасының тіндерінде, әсіресе көп мөлшерде анықтау мүмкін емес.
Sars-CoV-2 вирусының РНҚ адам қайтыс болған кезде COVID-19 ауырған жағдайда ғана ішкі органдарда анықтауға болады. Зерттеулер көрсеткендей, кейбір жағдайларда вирус ағзаға қан ағымымен бірге таралуы мүмкін.
Індетке қарсы вакцинациядан кейін COVID-19 жұқтыру жағдайлары сирек болса да кездеседі. Мысалы, толық вакцинацияланған адамдардың індетті жұқтыру жағдайлары туралы егжей-тегжейлі есептер Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайтында үнемі жаңартылып отырады. Айта кетейік, көп жағдайда 65 жастан асқан адамдар ауырады. Мұндай статистика 77% құрайды. Аурудың ауыр ағымы және вакцинацияланған адамдар арасында аурудан көз жұму жағдайлары өте сирек кездеседі.

Яғни, вакцинадан көз жұмған адамдарды тексеру ұдайы және мұқият жүргізіледі. Олардың біреуі болсын, дененің барлық мүшелерінде РНҚ вирусының бар екенін көрсеткендігі туралы деректер жоқ. Адам өлгеннен кейін оның денесінде РНК вирус болмайды.
Telegram-чаттарда тараған хабарламаның өзінде ешқандай нақты деректер жоқ, бұл фейктің белгісі болып табылады.
Осылайша, вакцинацияланған адамдардың мүшелерінде вирустың РНҚ бар екендігіне ешқандай дәлелдер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button