Fake News

Манипуляция: «Дәрігерлер 5G технологиясын енгізуді тоқтатуға шақырады, өйткені бұл денсаулыққа қауіпті»

Telegram мессенджерінде қолданушылар әлем бойынша дәрігерлер 5G желілерін орнатуды тоқтатуға шақырады, өйткені бұл технология денсаулыққа қауіпті деген ақпарат таратуда. Олардың пікірінше, мұндай инновация қатерлі ісік ауруларының күрт көбеюіне және алаңдаушылық, зейінді шоғырлау мәселесі, танымдық қабілеттің төмендеуі және т.б. сияқты ми жұмысына байланысты бірқатар ауруларға әкелуі мүмкін. Бұл ақпаратты шындап қабылдамау керек. Мұның мәнін түсіндірейік.


5G технологиясын енгізуді тоқтатуға шақырған дәрігерлер туралы жаңалықтар сюжеті бар. Ол 2019 жылы NTD телеарнасында шыққан. Бүгінде оны Желіде оңай табуға болады.
2019 жылы 5G желілерінің қауіпсіздігіне қатысты деректер жеткіліксіз болды. Дегенмен, сол кездің өзінде жетекші ғалымдар жан-жақты және сенімді мәліметтер алу үшін инновациялық технологияның адамға әсерін одан әрі зерттеу қажет екенін айтып, дабыл қаққан жоқ. 
Әрине, олар зерттеуді жалғастырды, сонымен қатар, уақыт өте келе 5G желілері көптеген елдерде, соның ішінде Қытай мен Жапонияда кеңінен тарады, бұл ғалымдарға технологияның адамдарға әсерін зерттеуге тамаша мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде ғалымдардың басым бөлігі 5G жүйесі адамдарға да, жануарларға да зиян келтіре алмайды деген қорытындыға келді. Бұл бірқатар тиісті зерттеулермен расталады. Мәселен, өткен жылы Иондамайтын сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (ICNIRP) мамандары 5G жүйесінің қауіпсіздігіне өзіндік бағалау жүргізді және инновациялық технология денсаулыққа зиян келтіре алмайтынды деген қорытынды жасады. 
Еуропалық Парламенттің биыл шілде айында жарияланған 5G-дің адам денсаулығына әсері туралы баяндамасында технология аурудың бұрын-соңды болмаған өсіміне немесе адамдардың танымдық қабілеттеріне әсер етуі мүмкін екенін растайтын деректер жоқ. 
Әлемдік ғалымдар тобы зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, 5G-дің қауіптілігі туралы мифті жоққа шығарды.
Сонымен қатар, Желіде Жапонияның 5G енгізу тәжірибесі туралы есепті оқуға болады. Онда технологияны енгізу салдарынан халықтың денсаулығының нашарлауына байланысты медициналық көмекке жүгіну жағдайлары жиілеп кеткені туралы айтылмаған.
Бүгінгі таңда ең үлкен 5G желісі Қытайда орнатылған. Оның адамдарға немесе жануарларға теріс әсері туралы да хабарламалар болған жоқ.
5G желілерінің COVID-19 немесе ауруға қарсы вакциналармен байланысы – біз бірнеше рет жоққа шығарған қастандық теориясы. 

Қазнетте тараған 5G-дің қауіптілігі туралы жаңалық сюжеті 2019 жылы жарық көрді. Ол кезде ғалымдарда технологияның қауіпсіздігін растайтын мәліметтер жеткіліксіз болды. Қазір жағдай өзгерді және 5G технологиясы адамдар мен жануарларға теріс әсер етпейтінін дәлелдейтін зерттеулер бар. Сонымен қатар, 5G Желілері іске қосылған елдердің тәжірибесі технологияны енгізу арқылы дәрігерлерге жүгіну жағдайларының көбеймегенін көрсетіп отыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button