Дәлелсіз: «Марсоход камераларының жазбалары Жерде түсірілген»
Желіде марсоход Curiosity түсірген фотосурет тарады. Кадрға құс түсіп қалған. Осыған орай, пайдаланушылар марсоход суретті қызыл планетада емес, Жерде түсірген деп пайымдаған. Бірақ оған негіз жоқ.
«Құстың» суреті 2019 жылы шыққан. Бұлыңғыр қара дақ суретті түсіру кезіндегі ақау немесе объективтің шаңы емес, құс деген теорияны уфолог Скотт С. Уоринг алға тартты. Ол силуэттің пен ұшқан құстың кескінне ұқсайтынынан басқа ешқандай дәлел келтірмеді.
NASA ресми сайтында Марстағы құстар туралы ештеңе жазылмаған. Порталда марсоход Curiosity түсірген фотосуреттер, панорамалар және видеолар жарияланған бөлімдер бар. Оларда тірі жандар көрсетілмеген.
Марсоходтар Жер бетінде жүреді деген теориялар негізсіз. Егер бұл рас болса, онда оларды адамдар өздері, спутниктік карталар, кездейсоқ ұшып өткен квадрокоптерлер арқылы және т.б. жолдармен байқайтын еді.
Сондай-ақ NASA кейбір миссиялардың Жерде жүзеге асырылғанын жасырмағанын атап өткен жөн. Мысалы, Хотонның Марс жобасы Девон елсіз аралында ұйымдастырылған. Бұл құпия емес және жоба туралы толық ақпаратты NASA ресми сайтынан алуға болады. Жоба аясында ұзақ ғарыштық ұшуға арналған жабдық сынақтан өткізілуде.
Яғни, марсоходтар Марсты емес, Девон аралын зерттейтін болса, бұл белгілі болар еді.
Қорыта айтқанда, Қазнетте тараған теория дәлелсіз.