Конспирология

Фейк: «ДДҰ интернетті бақылайды»

Әлеуметтік желі қолданушылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемиялық келісім қабылданғаннан кейін бүкіл интернетті бақылау құқығына ие болады деп жазды. Бұл шындыққа жанаспайды.

Бұл қауесет ДДҰ сайтында 2021 жылы жарияланған ақпаратқа негізделген. Мақалада ДДҰ COVID-19 пандемиясы туралы жалған ақпаратты жедел жою және белгілеу үшін YouTube-пен ынтымақтастық орнатқаны айтылады. 
Мәтінде интернетті бақылау туралы сөз жоқ.
Таратылған хабарламада айтылған пандемиялық келісімде де интернетті бақылау туралы айтылмайды. Жария ету жобасы баршаға қолжетімді, онымен кез келген адам таныса алады. 
Бұл келісім – денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай кезінде елдер арасында дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды бөлуге, ірі ауру ошақтарына ден қою тәсілдеріне қатысты ережелер мен нұсқаулықтар жиынтығы. 
Демек, таратылған хабарламаға сенуге негіз жоқ. Интернетті бақылау ДДҰ-ның жоспарында жоқ және болмаған. Жобасы толықтай Желіде жарияланған пандемиялық келісімде интернетті бақылау туралы сөз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button