Фейк: «HAARP жүйесі адамдардың санасын басқара алады»
Қазақстандық Telegram-чаттарда HAARP жүйесі – ғылымның атын жамылып жұмыс істейтін адам санасын бақылау аппараты деген теория тарады. Бұл мүмкін бе? Анықтайық.
HAARP – бұл жоғары жиілікті белсенді авроральды зерттеу бағдарламасы. Зерттеушілер Аляска университетіне тиесілі қуатты қондырғының көмегімен Жер ионосферасын зерттейді. HAARP-тың көмегімен ғалымдар плазмалық құрылымдар мен гетерогендерді құру бойынша тәжірибелер жүргізеді, ионосфераны төмен жиілікті толқындарды қоздыру үшін антенна ретінде қолдана алады, полярлық шұғыла тәрізді аз ғана жарық шығарады және т. б.
Жүйе адамдардың санасына әсер ете алмайды. Ол басқа мақсатта жасалған және теориялық тұрғыдан ондайды жасай алмайды.
Адамдарда ойлар мен эмоциялар тудыратын, сондай-ақ оларды қадағалап, «сәулелендіретін» құрылғылар бар екендігі туралы теориялар пси-террор теориясы деп аталады. Бұл қастандық теориясы, ол әлемде бұрыннан психотрондық қару бар, оны адамдардан жасырады деген постулатқа негізделген. Әрине, мұндай қару да, ойлар тудыратын құрылғылар да жоқ.
Демек, таралған ақпарат – нақты ғылыми жабдықтың принциптері мен мақсаттарын түсінбеумен қастандық теориясының комбинациясы. HAARP жүйесі адамдардың санасын бақылау үшін емес, Жер ионосферасын бақылау үшін қажет.