Конспирология

Фейк: «1776 жылғы фотосуреттер алыптардың бар екенін дәлелдейді»

Әлеуметтік желілерде 1776 жылғы суреттерден тұратын слайд-шоу жарияланды. Оларда қарапайым адамнан екі есе немесе одан да биік адамдар бейнеленген. Бұл суреттер қайдан шыққанын түсіндіріп өтейік.

Слайд-шоудың алғашқы суретінде онда Калико Джек деген атпен белгілі теңіз қарақшысы Джон Рэкхем бейнеленген деген жазу бар. Сондай-ақ суретте 1776 жыл деп жазылған.
Шындығында, мұндай фотосурет жоқ. Тарихта ең алғашқы суретті 1826 жылы француз Джозеф Ньепс түсірген. Ол анық емес болды.
Ал, Джон Рэкхем – танымал теңіз қарақшысы, тарихшылардың қолында оның өмірі туралы жазбаша дәлелдер мен суреттер көп. Олардың ешқайсысында Рэкхемнің алып болғандығының белгісі жоқ.
Топтамадағы басқа «фотосуреттер» жасанды интеллекттің көмегімен жасалған. Себебі Желіде бұл суреттердің түпнұсқалары жоқ, ал олар рас болса, онда нағыз сенсацияға айналып, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғылыми басылымдарда таралатын еді. Сонымен қатар суреттің түпнұсқалығын онлайн тексеруге арналған құрал Maybe’s AI Art Detector слайд-шоудағы фотолардың компьютерде жасалу ықтималдығы жоғары екенін көрсетті. Үшіншіден, биыл маусым айында Желіде стилі мен тақырыбы жағынан ұқсас 1901 жылы қала көшелерімен серуендеп жүрген алыптың «фотосы» тарады. Фактчекерлер оның да жасанды интеллекттің көмегімен жасалғанын анықтады.
Бұрын Жер бетінде алыптар өмір сүргені туралы әңгімелер конспирология және мистификация болып табылады. Кейбір жалған ғалымдар бұл тақырыпқа назар аудартуға тырысып, ірі кісілердің қаңқаларын да тапқан. Бірақ әр жолы бұл қалдықтардың қолдан жасалғаны немесе іс жүзінде жойылып кеткен алып жануарлардың сүйектері екендігі анықталатын.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – фейк. 1776 жылы фотосурет әлі болмаған, ал Жерде мекендеген алыптар туралы теория жалған ғылыми телоия болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button