Конспирология

Фейк: «2024 жылы Лениннің өсиетхаты жарияланып, КСРО қайта құрыла бастайды

Желіде 2024 жылы Лениннің өсиетхаты жарияланады, содан кейін КСРО қайта құрыла бастайды деген ақпарат тарады. Бұл мүмкін емес. Неге екенін түсіндірейік.

Лениннің өсиетхаты — «Съезге хат» деп аталатын құжат. Оны Ленин денсаулығы нашарлаған кезде 1922 жылдың желтоқсаны мен 1923 жылдың қаңтары аралығында жеке өзі айтып, жаздырған.
Хат мәтінін 1924 жылы РКП(б) XIII съезінде Надежда Крупская оқып берді.
Өсиетхат 1927 жылы «Правда» газетінде «Пікірталас парағы» қосымшасында жарияланды. Бұған дейін екі жыл бұрын 1925 жылы радикалды көзқарастағы ақын Макс Истман хаттан үзінділерді The New York Times газетінде шығарған.
Қазір «өсиетхаттың» мәтінін Желіден оқуға болады. 
Лениннің 2024 жылы жарияланатын тағы бір құпия өсиетхаты бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ.
2024 жылдың 21 қаңтарында пролетариат көсемінің қайтыс болғанына 100 жыл болатыны белгілі. Бұл күні оның қорда сақталған медициналық құжаттары құпиясыздандырылады. Олардың арасында өсиетхат жоқ.

Демек, таралған ақпарат — фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button