Фейк: «Табысы төмен адамдар жәндіктер мен адам етін жеуге мәжбүр»
Әлеуметтік желі қолданушылары бөліскен веб-сайттың скриншотында басқа адамдарды тамақтандыру үшін өз денеңді құрбан ету ұсынылған. Жақын арада адам еті мен жәндіктер табысы төмен және орташа адамдар үшін ақуыздың негізгі көздеріне айналады екен. Ал мал еті элитаның өте бай өкілдеріне ғана қол жетімді болады. Мұның бәрі жалған.
Бұл скриншот Human Meat Project веб-сайтынан алынған. Платформада басқа адамдарды тамақтандыру үшін денелерін құрбан етуге шақырулар бар, сонымен қатар адам туралы «фактілер» жинақталған: ол қаншалықты қоректік және каннибализм жалпы тәжірибеге айналған жағдайда, аштықтан қанша адамды құтқаруға болады.
Алайда, «Пайдалану ережелері мен шарттары» бөлімінде «бұл нақты өмірде жүзеге асырылмайтын тұжырымдамалық арт-жоба» делінген. Сондай-ақ онда жобаның мақсаты кез келген пайдаланушы шарттары мен келісімдерін қабылдаудың маңыздылығына назар аудару екендігі айтылған.
Мысалы, кез келген адам еңбек авторларына жеке мәліметтерін бере отырып, «ет доноры» бола алады. Бұл ретте дененің немесе мүшелердің ешбір бөлігін берудің қажеті жоқ. Оның орнына жобаны жасаушылар оны одан әрі дамыту үшін берілген деректерді пайдаланады.
Қорытындылай келе, таратылған скриншот адамдардың жақын арада басқаларды жаппай жей бастайтыны туралы теорияны дәлелдемейдй. Көрсетілген портал – назар аударту үшін жасалған концептуалды арт-жоба.