Фейк: «ДЭФ-тің мақсаты – адамзатты жою»
Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) мақсаты адамдардың көп бөлігін жою, қалғандарын әлсіз және ауру қылу деген теория таралды. Бұған адамдарға ет жеуге тыйым салу арқылы қол жеткізуге болады екен. Мұның бәрі өтірік.
Сонымен, ретімен айтайық. Біріншіден, Дүниежүзілік экономикалық форум адамдардың ет жеуді азайтуын қолдайды. ДЭФ сарапшыларының пікірінше, бұл жаһандық жылынуды айтарлықтай бәсеңдетуге септігін тигізеді, себебі атмосфераға шығарылатын СО2 басым бөлігі мал шаруашылығынан болады.
Алайда, ДЭФ еттен біржолата бас тартуға шақырмайды. Оның үстіне, форум өкілдерінің тыйым салуға қақысы жоқ.
Екіншіден, еттен бас тарту адамзаттың жойылуына әкелмейді. Әлемде жануарлар ақуызын тұтынбайтын миллиондаған адам өмір сүруде. Белгілі бір ережелерді сақтай отырып, вегандық рацион адамның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төндірмейді.
Үшіншіден, Дүниежүзілік экономикалық форум адамдарға зиян келтіруге, оларды жоюға немесе құлға айналдыруға тырысады деген теорияларды конспирологтар ойдан шығарған. ДЭФ туралы қастандық теориялары желіде талай рет кеңінен тараған, ал бұл идеяларды жақтаушылар жаңа «қастандық» түрлерін ойлап табуда.
Қорыта айтқанда, ДЭФ-тің адамзатты жою ниеті жоқ. Бұл пікірлер – ешқандай дәлелі жоқ конспирология.