Конспирология

Фейк: «Синайдағы климаттық форумда бірыңғай әлемдік дін пайда болды»

Әлеуметтік желілерде Мысырдағы климаттық форумда он жаңа өсиеті бар бірыңғай дін пайда болғаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл фейк.


Бұл жерде БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі COP27 конференциясы туралы айтылып отыр. Биыл шара 6-20 қараша аралығында Шарм-Эль-Шейхте өтті. Оған мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан басқа негізгі әлемдік діндердің көшбасшылары шақырылды.
Аталған конференция барысында Конфессияаралық тұрақты даму орталығы (ICSD) діни қауымдастықтардың климаттық мәселелермен қалай күресетіні туралы айтылған бірнеше іс-шара ұйымдастырды. Сондай-ақ нақты бастамалар ұсынылды. Олардың бірі әлемдегі негізгі діндердің жетекші діни көшбасшылары қолдаған «Климаттық әділеттіліктің он әмбебап қағидасы» деп аталатын дінаралық үндеу болды.
«Біз бір дін құруға емес, көптеген түрлі конфессиялардың діни институттарын Құдайдың жаратылысын қорғау үшін бірлескен іс-әрекетте біріктіруге тырысамыз», – делінген ұйымның сайтында. Бұл бірлестіктің мақсаты – діни қызметкерлерді климаттың өзгеруі туралы үйретуге және уағыздауға ынталандыру.
Демек, Мысырда жаңа дін пайда болып, жаңа өсиеттер қабылданды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button