Фейк: «ДДҰ мен ДЭФ маймыл шешек пандемиясын дайындауда»
Әлеуметтік желі қолданушылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік экономикалық форум маймыл шешегінің жаңа пандемиясын бастауды жоспарлап отыр деп жазуда. Хабарлама авторының айтуынша, ауру COVID-19-ға қарағанда әлдеқайда қауіпті болады, адамдар қырағы болуы керек. Мұның бәрі жалған.
Таралған ақпарат COVID-19 пандемиясы адамзатты құлдыққа айналдыру үшін белгілі бір әлемдік элиталар ойлап тапқан жоқ ауру деген жалған теорияға негізделген. Өкінішке орай, мұндай ауру бар. Оның салдарынан алты миллионнан астам адам қайтыс болды.
Маймыл шешеу ауруы да бар. Оның ошақтары әлемнің әртүрлі елдерінде мезгіл-мезгіл тіркеледі. Соңғы рет 2022 жылы Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде таралған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары әлемдегі осы аурудың жағдайын әлі де қадағалауда. Науқастар мен қаза тапқандар саны туралы тұрақты есептер ұйымның сайтында жарияланады. Ең соңғы мәліметтер 2023 жылғы 26 мамырда жарияланған. Онда әлемде ауру жұқтырғандардың жалпы саны азайып бара жатқаны және шешекке қарсы қазіргі вакциналар аурудың ауыр ағымы мен өлімнің алдын алудың тиімді жол екендігі айтылған.
Демек, 2022 жылғы маймыл шешегі ауруының таралуының пандемияға айналуы және COVID-19-ға қарағанда қауіпті болатыны екіталай.
Жалпы, ДДҰ мен ДЭФ жалған пандемия ұйымдастыруды жоспарлап отыр деген теория конспирологиялық болып табылады және ешқандай дәлелі жоқ.