Фейк: «Никола Тесла жер сілкінісі технологиясын патенттеді»
Telegram-да 1894 жылы Никола Тесла жер сілкінісін тудыруы мүмкін құрылғыға патент алғаны туралы ақпарат тарады. Ғалым қайтыс болғаннан кейін патент АҚШ Қорғаныс министрлігінің меншігіне өткен екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Ақпаратта патенттің нөмірі көрсетілген, егер ол шын болса, оның сипаттамасын және патенттік өтінімнің қашан және кім бергені туралы толық ақпаратты оңай табуға болады.
Нөмірі US511916A патентті іздеу нәтижесінде, біріншіден, оның бар екені, екіншіден, 1894 жылы Никола Теслаға берілгені анықталды. Патенттің Telegram-да сипатталған құжатпен бұдан басқа ұқсастығы жоқ.
Берілген патентте қозғалтқыш сипатталған, «ол бу немесе газ қысымымен күшті әсер еткенде тұрақты кезеңнің тербелісін береді». Никола Тесла патентте жер сілкінісі туралы жазбаған және оның өнертабысы оларды қоздыра алады деп мәлімдеген жоқ.
Сонымен қатар ол алған патенттің мерзімі 1911 жылы ұзарту мүмкіндігінсіз аяқталды.
Бұл патенттің қазір АҚШ Қорғаныс министрлігіне немесе басқа біреуге тиесілі деген сөздерді жоққа шығарады.
Қазіргі заманда жер сілкінісін тудыра алатын технологияның бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар мұндай технологияның бұрын-соңды қолданылғандығы расталмайды.
Демек, жер сілкінісін тудыратын технологияға берілген патент туралы ақпарат жалған. Көрсетілген нөмірдегі патентте табиғи апаттар тудыратын зат емес, қозғалтқыш сипатталған.