Тарих

Фейк: «Белгісіз өркениет салған су қоймасынан ерекше тіршілік иесі табылды»

Мессенджерлерде ежелгі белгісіз өркениет салған Барай су қоймасы түсірілген видео тарады. Сондай-ақ хабарламада су астынан қалаға ұқсайтын құрылымдардың қирандылары табылғаны және су басқан ғимараттардың бірінде белгісіз тіршілік иесінің қазба қалдықтары бар сандық табылғаны жазылған.

Батыс Барай деген су қоймасы бар. Оның астында су басқан құрылымдар жатыр. Ал белгісіз тіршілік иесі бар сандық ойдан шығарылған. Су қоймасының тарихына тоқталайық.

Батыс Барай Камбоджада ежелгі Ангкор қаласында орналасқан. Оны 11 ғасырда кхмер өркениеті салған деп есептеледі, құрылыс Король Сурьяварман I кезінде басталып, Удаядитывармане II кезінде аяқталды. Сондай-ақ су қоймасының ортасында жасанды аралда сол кезде Батыс Мебон Үнді ғибадатханасы салынды.

Су қоймасы бұрынғы құрылымдардың орнында пайда болды, соның салдарынан кейбір ғимараттар су астында қалды. Су қоймасының батыс бөлігінде археологтар қабырғалардың негіздерін, баспалдақтар және қыш ыдыстардың қалдықтарын тапты. Сонымен қатар, Барайдың оңтүстік бөлігі Ак-Юм ғибадатханасын ішінара су басқан.

Археологтардың пайымдауынша, Батыс Барай суару каналдарына кететін су қоймасы ретінде салынған. Сондай-ақ Барай символдық орын болды деген де пікір бар.

Су астынан тұтас құрылыстар, тұрмыстық заттар мен жазулары бар стелалар табылған. Ал белгісіз тіршілік иесінің сүйегі бар сандық туралы еш жерде жазылмаған.

Видеода дәлел ретінде сүңгуірлердің фотосуреттері және олардың ерекше олжалары ұсынылған. Біріншіден, олардың арасында белгісіз тіршілік иесінің бейнесі жоқ. Екіншіден, бұл Батыс Барайға қатысты емес фотосуреттер.

Фотосуреттердің бірі Египетте Абу-Кир шығанағының түбінде, Ніл Жерорта теңізіне құятын жерде су астындағы Гераклион немесе Тонис қаласында түсірілген. Бұл су астындағы қалада ғибадатханалардың қирандылары, ежелгі мүсіндер, тіпті тұрмыстық заттар мен әшекейлер табылған.

Тағы бір сурет 1802 жылы Китира аралының маңында батып кеткен «Ментор» кемесіне жасалған экспедиция кезінде түсірілген. Апатқа ұшыраған кемеден мәрмәр мүсіндер, кеме жабдықтары және басқа да тұрмыстық заттар табылды.

Үшінші сурет Антикитера кемесі апатқа ұшыраған жерде түсірілген, ол жерден мәрмәр және қола мүсіндер көп шыққан.

Қазіргі кезде Батыс Барайға кез келген адам бара алады. Құрылыс туралы фактілер толық белгілі болмаса да, ғалымдар су қоймасы кхмер империясы кезінде салынған деп санайды. Яғни, Барайды «белгісіз өркениет» тұрғызбаған. Сонымен қатар, су астынан, су қоймасынан ерекше тіршілік иесінің сүйектері табылған жоқ. Ал видеодағы фотосуреттердің Барайға қатысты жоқ. Демек, хабарламада келтірілген ақпаратқа сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button