Тарихтағы алғашқы фейк фотосурет: «суға кеткен» кісінің селфиі
Тарихтағы алғашқы фейк фотосурет 1840 жылы Францияда түсірілген. Бұл көңілсіз жағдайда жасалған селфи еді.
Оның алдында фотосуреттер жасау технологиясын кімнің ойлап тапқаны туралы дау орын алған. Оны ойлап тапты деген атаққа Ипполит Байар мен Луи Дагер таласты. Соңғысының дагеротипияны ойлап тапқаны баршамызға мәлім. Бірақ тағы бір нұсқа бойынша Байар фотобейнелерді алу процесін оған дейін ойлап тапқан. Ол бұл жетістіктері туралы француз Ғылым академиясына хабарламақ болмақ. Алайда презентация кейінге қалдырылды (Дагердің достарының іс-әрекеттерінің арқасында).
Соның арқасында Луи Дагер «фотосуреттің атасы» деген атаққа ие болды. Ал ашынған Ипполит Байар наразылық ретінде өлі болып көрінген автопортретін жасайды. Жалған суицид бейнеленген суретке мынадай жазба жазылған:
«Сіз көріп тұрған өлі дене осы әдісті ойлап тапқан Байар мырзаға тиесілі, осылайша, сіз оның керемет жетістіктеріне куә болдыңыз немесе қазір көресіз. Менің білуімше, бұл шебер және қажымас зерттеуші өзінің өнертабысын жетілдіруге үш жылға жуық уақыт арнады. Оның өзі әлі аяқталмаған деп тапқан суреттерін Академия, король және басқалары сіз сияқты зор таңданыспен қарайтын. Бұл оны атақты еткенімен көк тиын да бермеді. Дагерді жомарттықпен марапаттаған үкімет Байар мырзаға көмектесе алмайтынын мәлімдеді, сондықтан байғұс суға батып өлді. О, адам табиғатының тұрақсыздығы! Суретшілер, ғалымдар, газеттер ұзақ уақыт бойы оған қызығушылық танытып келді, ал қазір мәйітханада жатқанына бірнеше күн болса да, бұл туралы әлі ешкім білмейді, сұраған да емес. Мырзалар мен ханымдар, иіс сезу қабілетініңіз зардап шекпес үшін басқа тақырыптарға көшейік, өйткені өздеріңіз байқағандай, бұл мырзаның басы мен қолдары ыдырай бастайды». (Википедия)
Ипполит Байар осы өтірік суреттен кейін де көп жыл ы өмір сүрді. Ол фотосуреттермен айналысып, әріптестерімен бірге Француз фотография қоғамын құрды.
Содан бері фотофейктер «өнері» біраз жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі әлеуметтік желілер заманында манипуляция жасау объектісі немесе алаяқтардың құрбаны болмас үшін жалған суретті ажырата білу өте маңызды.
Күдікті фотосуреттің түпнұсқалығын тексеруге үшін бірқатар кеңесімізді ұсынамыз:
- Кері іздеуді қолданыңыз. Бұл жерде көптеген сайттар көмектесе алады, бірақ ең оңай жолы – Google-дегі суреттерден іздеу немесе Yandex. Осылайша, бұл фотосуреттің бұған дейін қайда және қалай пайдаланғанын біле аласыз.
- Суреттің метадеректерінғ яғни жасырын техникалық ақпаратын көру, оның ішінде фотосуреттің қайда, қашан және қай камераға түсірілгені туралы. Бұл деректерді әртүрлі жолмен алуға болады – файлдың қасиеттері, суреттерді көруге арналған бағдарламалық қамсыздандыру, графикалық редакторлар және арнайы онлайн-қызметтер арқылы (мысалы, Jeffrey’s Image Metadata Viewer немесе pic2map.com.
- Фотодағы ауа райына, киімге, маңдайша жазуларға, автомобильдің номеріне және т.б. ұсақ бөлшектерге назар аудару. Олар көрініп тұрған ақпаратқа сәйкес келе ме?