Фейк: «Еуропада адам етін алмастырғыш сатылады»
Telegram-да Еуропада каннибализм кеңінен насихатталатындығы туралы хабарлама тарады. Онда адам етін алмастырғышын сатылады екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Ақпаратқа адам еті мен оны алмастырғыштарды жеу туралы жазылған кітаптың видеосы тіркелген. Шын мәнінде, бұл чех жазушысы Агустина Бастерриканың «Ерекше ет» кітабы.
Шығарманың сюжеті толығымен ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды. Бұл антиутопиялық романда жануарлардың етін жеуге жарамсыз еткен қорқынышты вирус жайлаған әлем сипатталған. Осыған байланысты адамзат қоғамы өзіндік «касталарға» бөлінген. Олардың біріне кедей және құқықтары жоқ адамдар жатады. Ал қоғамның әлдеқайда табысты және бай мүшелері оларды жейді екен.
Арандатушы сюжетке қарамастан, оны шын деп қабылдамаған жөн. Бұл антиутопияның ұлы шеберлері Замятин, Хаксли, Оруэлл, Бредберри, және басқаларының шығармаларының негізінде жатқан ойдан шығарылған оқиға.
Қорыта айтқанда, таратылған хабарлама жалған. Еуропада адам етін алмастырғыштар сатылмайды, ал видеода көрсетілген кітап – антиутопия, оның сюжеті басынан аяғына дейін ойдан шығарылған.