Конспирология

Фейк: «Жердің айналасындағы мұз қорғанының суреті даркнеттен тараған»

Әлеуметтік желілерде «даркнеттен шыққан» фотосурет таралуда. Онда Жердің айналасындағы мұз қорғанның жанында орналасқан белгісіз өркениеттің жұмбақ базасы бейнеленген. Мұның бәрі нені білдіретінін түсіндіріп өтейік.

Біз ең алдымен, суретті кері іздеу құралдарының көмегімен таралған суретті тексердік. TinEye қызметі еш нәтиже бермеді, ал Google мен Яндексте конспирологияға арналған жақында шыққан жарияланымдар ұсынылды. Алғашқылардың бірі болып сапасы жақсы суретті пайдаланушы Richie Munster өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялаған. Ол фотосуретке ештеңе жазбаған. Суретке қатысты жазылған пікірлерде басқа пайдаланушылар сурет жасанды интеллектпен әзірленген деп пайымдаған. Мұны суреттің алдыңғы жағы тым бұлыңғыр және әдеттен тыс базаның үстіндегі қисынсыз тік «жарқылдардан» байқауға болады. 

Жасанды интеллекттің суреттерін анықтауға арналған Maybe’s AI Art Detector қызметі бұл суреттің 41% жасанды екенін көрсетті.

Суреттің компьютермен өңделгенін анықтауға мүмкіндік беретін тағы бір сервис – FotoForensics түпнұсқа суретте мұз қорған да, жұмбақ база да болмағанын көрсетті.

Яғни, сурет жасанды интеллект әзірлеген суретті нақты фотосуретке қабаттастыру арқылы жасалған.

Жердің айналасында қорғанның жоқ екеніне оңай көз жеткізуге болады. Біріншіден, біздің планетамыздың пішіні шар тәрізді, демек, оның айналасын қабырғамен қоршау мүмкін емес. Жұмбақ базаға келетін болсақ, бұл Солтүстік және Оңтүстік полюстерде орналасқан нақты базалардың бірі емес. Олардың барлығын Google Earth қызметін пайдалана отырып, Желідегі суретпен салыстыруға болады. Ол әртүрлі қырынан және әртүрлі биіктікте түсірілген Жер суреттерінің көптеген спутниктерін дәл үйлестіру арқылы жұмыс істейді. Осының арқасында кез келген жерге онлайн-саяхат жасауға, тұрғын үйлер мен көшелерді егжей-тегжейлі қарауға, мысалы, Астанада отырып, Сиднейді тамашалауға болады.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі таралған суреттің графикалық редакторлар мен жасанды интеллекттің жұмысының нәтижесі екенін дәлелдейді. Суретте көрсетілген жұмбақ база мен мұз қорған жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button