Конспирология

Дәлелсіз: «Нострадамус II Елизавета патшайымның өлімін болжаған»

Әлеуметтік жеелілер мен мессенджерлерде Нострадамус Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның қайтыс болатынын ол дүниеге келгнге дейін жүздеген жылдар бұрын болжаған деген ақпарат тарады. Бұл рас па? Бұл болжам қаншалықты дұрыс? Талқылайық.

Нострадамус деген атпен белгілі Мишель де Нотрдам – әйгілі астролог және көріпкел. Ол 1503 жылы туған. Нострадамус тірі кезінде болжамдар жазылған бірнеше альманах шығарған. Оның айтқандары орындалады екен.
Нострадамустың барлық болжамдары ортағасырлық француз тілінде және өлең түрінде өте бұлыңғыр жазылған. Аударған кезде олардың мағынасы мүлдем түсініксіз болады, кейде болжам неғұрлым сенімді болатындай етіп өзгертіледі. Мысалы, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі теракт туралы болжам бір-бірінен өзгеше бірнеше аударма нұсқасында кездеседі. Оның үстіне сарапшылар терактінің болатыны тралы қай төрт жолда айтылғаны бойынша әлі де ортақ пікірге келмеген. Бұған «ұқсас» жағдай сипатталған төрт үзінді бар, олардың әрқайсысында «Жаңа қала» немесе «Құдайдың қаласы» туралы жазылған. 
Скептиктер жалпы аудармада кең мағыналы сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуынан оны кез келген тарихи оқиғаға ұқсатуға болатынын атап өтуде.
ІІ Елизаветаның қайтыс болуын «болжау» да ерекшелік емес. Бұл «Болжау» кітабының VIII тарауындағы 97-шумақ. Оны еркін түрде былай аударуға болады: «Соғыстың соңында ұлы күштер өзгереді; Жағада үш әдемі нәресте дүниеге келді; Олар ер жеткенде бәрі күйрейді; Елде патшалық артып, бәрі өзгереді».
Бұл мәтінде патшайымның қайтыс болуы туралы тікелей болжам айтылмағаны анық. Оның үстіне, үш бала туралы жолдың ІІ Елизаветаға мүлдем қатысы жоқ. Оның төрт баласы, сегіз немересі және 12 шөбересі болған.
Сондай-ақ жағада туған үш бала туралы айтылған бөлігі де түсініксіз. Әрине, Нострадамус Лондонда ағатын Темза өзенінің жағасы жайлы айтты деуге болады. Алайда, бұл планетамыздағы кез келген басқа өзен-көлдің, теңіздің немесе мұхиттың да жағасы болуы мүмкін.
Соғыс пен өзгерістерге арналған жолдарды адамзат тарихындағы кез келген маңызды соғыстарға қатысты қолдануға болады. Әрбір ірі соғыс салдарынан өркениет үшін өте маңызды айтарлықтай өзгерістер болған.
Адамдарға мүлдем әсер етпеген соғыс немесе жергілікті қарулы қақтығыс тарихта болған емес.
Демек, Нострадамустың бұл сөздерін II Елизавета патшайымның өлімін болжауы деп санау негізсіз. Ол жазған өлең жолдары түсініксіз және кең мағыналы, мәтінде тікелей патшайымға, ол өмір сүрген жылдарға немесе оның ұрпақтарына қатысты сөз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button