Fake NewsКонспирология

Фейк: «5G бағанасы ұшып келе жатқан квадрокоптерді ерітіп жіберді»

Telegram-да ұялы байланыс бағанасына қарай ұшып келе жатқан квадрокоптердің видеосы таратылуда. Кенеттен құрылғы жерге құлап, түтіндейді. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл 5G желілерінің технологияларға әсері, демек адамдарға да әсері бар. Бұл өтірік.

Таралған кадрларда түпнұсқа видеоның chaw_fpv есімді пайдаланушының парақшасында жариялағаны көрініп тұр. TikTok әлеуметтік желісінде мұндай аккаунт бар және ол квадрокоптер ұшқышы болып табылады. Алайда, оның парақшасында ұялы байланыс бағанасына қарай ұшқан дрон туралы видео жоқ.
Бұл кадрлар осы автордың YouTube арнасынан табылды. Онда жазылған пікірлерде ұшқыш 5G желілерінің дронның құлауына ешқандай қатысы жоқ деп жазады. Шын мәнінде, квадрокоптерде басқару жүйесі бұзылды.
5G желілері квадрокоптерлерді ерітпейтіні анық. Қазіргі кезде 5G желілерінің көмегімен жұмыс істейтін дрондар «эскадрильялары» бар. Мұндай құрылғылар көбінесе ауылшаруашылық өнеркәсібінде қолданылады: олар егіннің күйін, зиянкестердің таралу ошақтарын, өнімділікті және басқа параметрлерді бақылауға көмектеседі.
Демек, 5G желілері дрондарды ерітеді деген ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button