Fake News

Манипуляция: «5G желілерінің қауіптілігі расталды»

Желіде мамандар 5G желілерінің қауіптілігін растады деп айтылуда. Мұндай форматтағы байланысты пайдалану деректердің сыртқа таралуына әкелуі мүмкін және алаяқтарға нақты адамдарды бақылауды жеңілдетеді. Бұл рас па, анықтайық.

«5G желілерінің қауіптілігі расталды» деген тақырыптағы жаңалықтар 2021 жылдың наурызында, яғни екі жыл бұрын жарияланды. Мәтінде киберқауіпсіздікпен айналысатын AdaptiveMobile компаниясының мамандары 5G желісін құру дизайнындағы осалдықты тапқаны туралы айтылады. Компанияның есебінде анықталған кемшілік «алаяқтарға деректерге қол жеткізуге және 5G сервистік архитектурасына қол жеткізе алатын болса, бірнеше сегменттерде «қызмет көрсетуден бас тарту» секілді шабуылдарды бастауға мүмкіндік береді» делінген. Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, мәтін жарияланған кезде мұндай тәуекелдердің қаупі төмен болды, өйткені желіні сегменттеуді қолданатын операторлар аз болды. Сондай-ақ еңбекте анықталған кемшіліктің қысқа мерзімде түзетілетіні жазылған. 
Содан бері AdaptiveMobile да, басқа мамандар да бұл осалдық туралы мәлімдеме жасаған жоқ, бұл мәселе сәтті шешіліп, 2023 жылы өзектілігін жоғалтты.
Алайда компьютерлік қауіпсіздік саласындағы сарапшылар бүгінгі таңда 5G қаупі желінің архитектурасында емес, оның мүмкіндіктерінде деп санайды. Ақпаратты жылдам беру және өткізу қабілеттілігі интернет заттарын пайдалануды бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді. Қауіптілік осында жатыр: алаяқтар «ақылды» розетка немесе робот шаңсорғыш болсын, нашар қорғалған құрылғыны бұза алады. Бұл жағдайда 5G «кінәсі» жанама болады.
Бұзуға жол бермеу үшін сарапшылар «ақылды» техниканы тек сенімді өндірушілерден сатып алуды, бағдарламаларды үнемі жаңартып отыруды, мүмкіндігінше барлық рұқсат етілген құрылғыларда антивирустық бағдарламаны қолдануды ұсынады.
Киберқауіпсіздік мамандары 5G желілерін барынша сенімді және қауіпсіз ету бағытында жұмыс істейді. 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, 5G желілерінің қауіптілігі туралы тараған ақпарат – манипуляция. Бұл екі жыл бұрынғы шын ақпарат, ол қазір өзекті емес. Бүгінгі таңда мамандар жаңа буын желілерінің қауіпсіздік параметрлерін жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button