Фейк: «Ғарыш кеңістігі болмайды»
Танымал Telegram чаттарда астронавт Алан Биннің сұхбатынан үзінді тарады. Ол Жердің радиациялық белдеуінен өту оның денсаулығына ешқандай әсерін тигізген жоқ деп айтады. Нәтижесінде пайдаланушылар ол ғарышта мүлдем болмаған, ал ғарыштың өзі ойдан шығарылған деген қорытынды жасаған. Бұл дұрыс емес.
Алан Бин – «Аполлон-12» миссиясы кезінде ұшрылған ай модулінің ұшқышы. Бин – Айға қонған тарихтағы төртінші адам. Айға қонудың нақты болғандығы және 12 астронавт Жер серігінде іздерін қалдырғаны сөзсіз. Бұл суреттермен де, материалдармен де расталады – ғарышкерлер Жерге Ай топырағының үлгілерін әкеліп, спутникте өз іздері мен кейбір заттарын қалдырған.
Биннің де, «Аппполон» миссиясының басқа қатысушыларының да радиациялық белдеуден өткеннен кейін радиациялық ауруға неге ұшырамағанын білу үшін бұл белдеудің не екенін және ұшақтың одан қалай өткенін түсінуіміз керек.
Жердің радиациялық белдеуін ғалым Джеймс Альфред Ван Аллен 1958 жылы анықтаған. Радиациялық белдеу сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сырты бөлігі Жерден 17 мың км, ал ішкі жағы Жерден 4 мың км биіктікте орналасқан.
Айдан Жерге дейінгі қашықтық 384,403 км екенін ескерсек, Жер серігіне ұшып бара жатқан ғарышкерлер радиациялық белдеудің екі бөлігі арқылы өтуге тиіс болған.
Адамдарды Айға жіберуді жоспарлап, кеме мен ғарыш кеңістігін жобалаған ғалымдар мұны ескеріп, радиациялық белдеуден өту астронавттардың денсаулығына әсер етпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Ол үшін кеме корпусы радиацияны шағылыстыратын арнайы алюминий қабықпен қорғалып, радиациялық белдеуде аз уақыт болатындай Жерден Айға дейінгі траектория таңдалды.
NASA-ның ресми сайтында Айға ұшатын астронавттардың қандай мөлшерде сәулеленуге ұшырайтынын көрсететін есептеулер бар.
«Аполлон-11» миссиясының астронавтары Жерге оралғаннан кейін, олар тексеріліп, сәулелену дозасы 0,46 рад екені анықталды. Бұл көрсеткіш кейбір ядролық жұмысшылармен салыстырғанда жоғары, бірақ пациенттерді үнемі рентгенге түсіретін дәрігерлермен салыстырғанда төмен.
Бұл ғарышкерлерді радиациядан қорғау үшін қабылданған шаралар қажет болғанын көрсетеді. «Аполлон-11» миссиясына қатысушылардың бірде-біреуі қатерлі ісік немесе көп өлшердегі радиация тудыруы мүмкін басқа ауруларға ұшырамағаны белгілі.
Радиациялық белдеуден өткеннен кейін Алан Биннің ауырмағаны таң қаларлықжайт емес. Бұл ол ғарышта болмаған немесе ғарыш жоқ дегенді білдірмейді.
Ғарыштың бар екені – көптеген дәлелдермен расталған факт. Олардың ішіндегі ең танымалы – ғарышқа телескоптар мен зерттеу жабдықтарын ұшыру.
Демек, таратылған ақпарат – фейк.