Тыныс алуды тоқтату арқылы COVID-19 анықтау мүмкін емес
Желіде арнайы тест жүйелеріне жүгінбестен коронавирустық инфекция диагнозын қоюға болатындығы туралы ақпарат таратылуда. Ауруды анықтау үшін дем алмау керек. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында COVID-19 өз бетінше диагностикалау үшін бірнеше секунд бойы дем алмай, содан кейін біртіндеп деміңді шығару керек деген хабарламаны көруге болады. Осы кезде ыңғайсыздықтар немесе ауырсыну болмаса, онда адам сау деген сөз. Тексерудің бұл әдісін жапон дәрігерлері ойлап тапқан дейді. Алайда, бұл дәрігерлердің аты-жөні де, жұмыс орны да көрсетілмейді.
ДДСҰ аурудың барын өз бетінше анықтаудың бұл әдісі кем дегенде тиімсіз деп мәлімдеді.
“COVID-19 вирусын жұқтыруды растаудың ең дәл әдісі – зертханалық сынақ. Жоғарыда сипатталған тыныс алу жаттығулары арқылы инфекцияны растау мүмкін емес, оның салдары ауыр болуы мүмкін”, – делінген ұйымның сайтында.
Сонымен қатар, хабарламада COVID-19 негізгі белгілері аталған. Оларға құрғақ жөтел, жоғары температура, шаршау жатады. Кейбір науқастарда пневмония өршуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде коронавирустық инфекцияны анықтаудың ең сенімді әдісі – ПТР тестілеу.
Кейбір жағдайларда ИФТ – тестілеу де жасалады. Бұл адам жазылып кеткеннен кейін COVID-19 антиденелерінің болуын анықтауға мүмкіндік береді.