Фейк: «Бәрі ауа салығын төлеуге міндетті болады»
Танымал қазақстандық Telegram-чатта жақын арада барлық адамдар CO2 шығарындыларына салық төлеуге міндетті болатындығы туралы ақпарат тарады. Мұны істей алмайтындар одан әрі өмір сүре алмайды. Бұл шындыққа жанаспайды.
Бұл теорияны рет-ретімен талдап шығайық.
CO2 және басқа парниктік газдар салығы кейбір мемлекеттерде бұрыннан бар. Оның мөлшері әр елде әр түрлі, бірақ барлық жерде оны көмір, табиғи газ, мұнай және басқа көміртегі қазбаларын жағатын компаниялар ғана төлейді. Бұл салық қарапайым азаматтарға салынбайды.
Дегенмен, климаттың өзгеруіне алаңдайтын қарапайым азаматтар көміртегі ізін өтеуге тырысуы мүмкін. Көміртегі ізі – бұл адамның немесе кәсіпорынның өмірлік белсенділігі нәтижесінде шығарылатын барлық парниктік газдардың мөлшері.
Кейбір елдерде компанияларға көміртегі несиелерін сатып алуға рұқсат етілген. Осындай бір несие кәсіпорынға бір тонна парниктік газ шығаруға мүмкіндік береді. Несиемен рұқсат етілген мөлшерден артық газ шығаруға тыйым салынады. Егер компания рұқсат етілгеннен аз СО2 шығарса, онда қалған несиені ол мұқтаж басқа компанияға сата алады. Мұндай жүйе шығарындылар санын нақты бақылауға және ірі кәсіпорындарды шығарындыларды азайтуға тартуға мүмкіндік береді.
Бұл елдердегі қарапайым азаматтар да өздерінің көміртегі ізін өтеу үшін көміртегі несиелерін ала алады. Бірақ бұл міндетті емес. Бұл адамдардың қалауына байланысты.
Мұндай жүйе әлі жетілмеген және мамандар оны қолдануда сақ болуға шақырады. Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында мұндай көміртекті несиелер, егер оларды сату және сатып алу жүйесі дұрыс құрылмаса, гринвошингтің – тауарларды немесе компанияларды «экологиялық» деп негізсіз айтудың құралына айналуы мүмкін деп жазылған.
Қорыта айтқанда, азаматтар үшін міндетті CO2 салығы жоқ. Оны төлей алмайтын адамдар одан әрі өмір сүруе алмайды деген теория негізсіз.