Конспирология

Фейк: «Орталық барлау қызметінің Тартарияның бар екенін дәлелдейтін құжаттары құпиясыздандырылды»

Әлеуметтік желі қолданушылары ОБҚ 1957 жылы мұқият жасырылған Ежелгі және Ұлы Тартария өркениетінің бар екендігін дәлелдейтін құжатты құпиясыздандырғаны туралы жазуда. Бұл қандай құжат және онда не жазылған? Анықтайық.

1957 жылы шыққан және 1999 жылы құпиясыздандырылған баяндама ОББ-ның ресми сайтында бар. Ол «Коммунизм кезіндегі ұлттық мәдени даму» деп аталады және КСРО-дағы одақтас республикалар халықтарына қысым жасау мәселелеріне арналған.
Баяндамада Tartar сөзі де бар, бірақ бұл ежелгі және мұқият жасырылған өркениеттің өкілдері емес, татар ұлты дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде бұл сөздің екі емлесі қолданылады: татар да, тартар.
ОББ баяндамасында БКП(б) ОК-ның 1944 жылғы 9 тамыздағы «Татар партиялық ұйымындағы жаппай-саяси және идеологиялық жұмыстың жай-күйі мен оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы көрсетілген. Онда татар мәдениеті мен тарихын олардың өзгермейтін түрінде зерттеуге нақты тыйым салу туралы айтылған.
Баяндамада ежелгі және мұқият жасырылған өркениеттер туралы сөз жоқ.
Тартария – бұл Каспий теңізінен Тынық мұхитына дейінгі аумақты қамтитын ескі географиялық термин. Қастандық теориясын жақтаушылардың пікірінше, Тартария – бұл қазіргі заманғы адамдардан қандай да бір себептермен жасырылған жоғары дамыған ежелгі өркениет. Іс жүзінде оның бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ және тұжырымдаманың өзі псевдотарихи болып саналады.
Демек, таралған ақпарат – фейк. ОББ-ның 1957 жылғы баяндамасында ежелгі Тартария елі емес, татарлар мен олардың коммунизм контекстіндегі тарихы туралы жазылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button