Конспирология

Фейк: «ДДҰ планетаны экологиялық таза ету үшін халықтың 90% жою керек деп мәлімдеді»

Желіде натуропат Рима Лайбоудың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсаты жер халқын 90%-ға қысқарту деген пікірі таратылуда. Неліктен бұл жарияланымға сенбеу керектігін түсіндіріп өтейік.

Рима Лайбоудың бірнеше рет фейктер мен ғылымға қарсы теорияларды таратқаны белгілі. 2014 жылы Natural Solutions Foundation компаниясын басқара отырып, ол Эболаны емдейтін Nano Silver қосымшасын жарнамалаған. Бұл препарат ешқандай клиникалық зерттеулерден өтпеген. Лайбоу Қорғаныс министрлігінің 2009 жылы құпиясыздандырылған зерттеулеріне сүйенеді. Олар Nano Silver-дің негізіне алынған екен. 2020 жылы қосымша коронавирусқа қарсы дәрі ретінде сатыла бастады. Сол жылы АҚШ Әділет министрлігі Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының өтініші бойынша Лайбоу мен оның компаниясына қарсы шағым түсірді. Олар мақұлданбаған және бекітілмеген препаратты заңсыз таратқаны үшін айыпталды. 2021 жылдың желтоқсанында округтік сот жалған докторға коронавирустық инфекцияны емдеу құралы ретінде «Нано-сильвер» препаратын таратуды тоқтатуды талап етті. 
Лайбоу 2022 жылдың маусымында zeeemedia.com сайтына берген сұхбатында жаһандық неофеодалдық геноцидке байланысты әлем халқының 90% өледі деп пайымдайды. Портал жалған ақпарат жеткізушісі ретінде бұрыннан белгілі. Кейін жалған докторлар нақты айта бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын оның өкілдері планета тұрғындарының 90% -. өлтіргісі келеді деп айыптады. Лайбоу бұл көрсеткішке нақты дәлелдер келтірген жоқ.
ДДҰ-ның халықты 90%-ға дейін қысқартуға шақырғанына ешқандай дәлел жоқ. Ұйымның 2022 жылғы есептерінде бұл көрсеткіш көрсетілген, бірақ мүлдем басқа мәселеге қатысты. ДДҰ өкілдері осы уақытқа дейін планета халқының 90%-ында COVID-19-ға орнықты екенін айтты.

Демек, Рима Лайбоудың мәлімдемесі шындыққа жанаспайды және ешқандай дәлелдермен расталмайды. Таралған ақпаратқа сенбеген жөн.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button