Fake News

Фейк: «Pfizer сақтандыру агенттеріне сигнал беретін чипі бар таблеткалар шығарды»

Әлеуметтік желілерде Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурланың сөзі жазылған видео таратылуда. Ол кіріктірілген микрочипі бар таблеткалар туралы айтады. Бұл микрочиптер сақтандыру агенттеріне кімнің қандай препараттарды және қандай мөлшерде қабылдайтыны туралы хабарлап, сигнал береді екен. Бұл өтірік.

Бұл ақпарат – ескі фейктің вариациясы. Бұған дейін Альберт Бурланың дәл осы видеосы COVID-19 қарсы вакциналарда чиптердің бар екенін дәлелдейді деген түсіндірмемен тараған болатын.
Шын мәнінде, Pfizer-дің бас директоры өз компаниясының жобасы емес, ABILIFY MYCITE препараты жайлы айтқан. Бұл кішкентай сенсорлары бар таблеткалар капсуланың жұтылғаны туралы сигнал жібере алады. Бұл дәрі шизофрения, биполярлық бұзылыс және ауыр депрессиясы бар адамдарға арналған. Таблетка белгіні пациенттің жазбаша келісімімен емдеуші дәрігерге ғана жіберіледі.
Таблетканың сақтандыру агенттеріне ешқандай қатысы жоқ.
ABILIFY MYCITE таблеткалары бірегей. Әлемде чиптері бар басқа препараттар әлі жоқ.
Демек, таратылған хабарлама жалған. Pfizer сақтандыру агенттеріне сигнал беретін дәрі-дәрмек шығарған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button