Фейк: «Чипі бар таблеткалардың болуы әлемдік үкіметтің қастандығын дәлелдейді»
Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде ішінде микрочиптері бар таблеткалардың бар екендігі туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың пікірінше, мұндай дәрі-дәрмектің болуы чиптердің COVID-19 қарсы вакциналардың да құрамында барын, ал пандемияның өзі әлемдік үкіметтің қастандығы екенін дәлелдейді. Бұл фейк.
Бұл таблеткалар – Abilify MyCite препараты. Ол шизофренияны, биполярлық бұзылуды және кейбір жағдайларда депрессияны емдеуге арналған. Таблеткаларда ағзаға түскенде пациенттің қажет дәрі-дәрмекті қабылдаған-қабылдамағанын жеткізетін сенсорлар болатыны рас. Бұл сигналды пациент өзімен бірге алып жүретін арнайы құрылғы қабылдайды. Содан кейін сигнал өңделеді және смартфонға жіберіледі. Сондай-ақ пациент қабылданған препараттар туралы ақпарат емдеуші дәрігерге түсетіндей етіп арнайы қосымшаны күйге келтіре алады.
Abilify MyCite препаратын 2017 жылғы қараша айында Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) мақұлдады. Сенсордың болуы шизофрения немесе биполярлық бұзылыс сияқты психикалық аурумен ауыратын адамдар әрқашан өз іс-әрекеттерін басқара алмайтындығымен және қажетті дәрі-дәрмекті қабылдауды ұмытып кететіндігімен түсіндіріледі.
Таблеткалардағы сенсорлар адамның қозғалысын немесе белгілі бір психикалық ауруларды емдеу үшін уақытында қабылданған немесе қабылданбаған препараттар туралы мәліметтерден басқа кез келген өзге ақпаратты бақылай алмайды.
Бұл таблеткалардың пайда болуының COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ және осы ауруға қарсы вакциналарда чиптердің болатынын дәлелдемейді. Вакциналардың құрамы құпия емес және баршаға қол жетімді.
Олармен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.
COVID-19 пандемиясы шынайы және әлемдік үкіметтің қастандығының нәтижесі емес. Біз бұл теорияны бірнеше рет теріске шығарып, толық мәлімет ұсынған болатынбыз.