Fake News

Фейк: «Танымал шоколад өндірушісі қуырылған шегірткелер қосылған өнім шығарды»

Желіде Ritter Sport компаниясының ресми Instagram аккаунтының скриншоты тарады. Суретте грильде қуырылған шегірткелер қосылған «протеин сериясындағы» жаңа шоколадтың жарнамасы көрсетілген. Бұл әзіл.

Шоколад шығаратын Ritter Sport компаниясының ресми парақшасында мұндай жарияланым бар. Онда жәндіктер қосылған ерекше шоколадтың суретінде компания өкілдері осылайша кәуаптар маусымына дайындалып жатыр деп жазылған.
Бұл ретте сипаттамада да, хэштегтерде де мұның әзіл екендігін білдіретін белгілер жоқ
Шоколадты жақсы көретін адамдар оны пост астында жазылған пікірлерді оқып қана түсінеді. Онда лақап аты itanna _ деп аталатын пайдаланушының сұрағына Ritter Sport компаниясының өкілдері «бұл әзіл» деп жауап берген.
Компания бұған дейін де осылай әзілдеген болатын. Ritter Sport-тың Facebook-тегі парақшасында көң, ашытылған қырыққабат, хот-дог, балдыркөк және басқа да шоколадпен үйлеспейтін өнімдердің дәмі бар тәттілер шығарылатыны туралы хабарлаған.
Демек, Ritter Sport компаниясы жәндіктер қосылған шоколад шығармайды. Бұл әзілді Желі қолданушылары шын деп қабылдаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button