Fake News

Фейк: «Pfizer компаниясының бас директоры Джорджияда бұзылған тарихи орынды қалпына келтіретінін айтты»

Қазнетте The New York Times порталында тақырыбында Pfizer бас директоры Альберт Бурла Джорджияда бұзылған тарихи орынды қалпына келтіретінін айтқаны жазылған мақаланың скриншоты таратылуда. Суретте оның ескерткіштің 2023 жылдың 23 ақпанында, яғни жарылыстан кейін 6 ай, 6 апта және 6 күн өткен соң қалпына келтірілуі тиіс деген сөзі де көрсетілген. Мұныі бәрі – фейк.

Альберт Бурла мұндай ештеңе айтпаған және ерекше монументті қалпына келтіру жөнінде бастама көтерген жоқ. Таратылған скриншот графикалық редакторлардың көмегімен жасалған. Бұл туралы Reuters порталы The New York Times басылымының ресми өкілімен сұхбаттасқаннан кейін хабарлады.

Pfizer компаниясының баспасөз қызметі де Бурла «Джорджиядағы тарихи орынды қалпына келтіруге қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ» деп мәлімдеді.

Америкалық Стноунхэндж ретінде белгілі Джорджиядағы тарихи орын – 1980 жылы салынған және әртүрлі тілдерде сөздер жазылған бірнеше үлкен гранит плиталарынан тұратын ескерткіш. Ол талай мәрте әртүрлі қастандық теорияларының объектісіне айналды, біз олардың кейбірін жоққа шығарған болатынбыз.

Конспирология: «Әлем халқы 500 миллионнан аспауы керек»

 

7 шілде күні таңертең белгісіз адамдар ескерткіш плиталарының бірін жарып жіберді, нәтижесінде қауіпсіздік мақсатында оның қалған бөліктерін бұзуға тура келді. Тарихи орынды қалпына келтіру туралы ешкім ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Демек, Альберт Бурла Джорджиядағы тарихи орынды қалпына келтіретінін айтқаны туралы ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button