Фейк: «ПТР тестті жасырын вакцинациялау үшін қолданылады»
Желіде адамдарды ПТР тест арқылы олардың келісімінсіз вакцинациялайтыны туралы ақпарат таралуда. Жаңа технологияны Джон Хопкинс атындағы америкалық зерттеу университеті ойлап тапқан екен. Бұл жалған.
ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісін медицина қызметкерлері адамның вирус жұқтырғанын анықтау үшін пайдалана бастады. ПТР тест кезінде жоғарғы тыныс алу жолдары үлгісінің талдауы алынады. Дәрігерлер бұл әдісті COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 вирусының генетикалық материалын іздеу үшін қолданды.
Фотосуреті осы жаңалықта қолданылған Джонс Хопкинс университетінің жаңа технологиясы 2020 жылы пайда болды. Бұл терагрипперлер немесе терапевтік ұстамалар – асқазан-ішек жолына дәрі-дәрмек жеткізетін микроқұрылғылар. Олардың пішіні жұлдыз тәрізді. Терагрипперлер ішектің шырышты қабығына жабысып, дәрі-дәрмекті ағзаға таратады. Ғалымдар бұл кішкентай құрылғыларды паразиттік құрттарды бақылау үшін жасаған. Олар өз кезегінде өткір тістерімен ішектерге мықтап бекітіледі.
Зерттеушілер егеуқұйрықтарда терапевтік ұстамаларды сынаған. Тәжірибе барысында жануарларға ауырсынуды басатын дәрі егілді. Бұл туралы ақпарат Science Advances ғылыми журналында жарияланды. 2022 жылы Джонс Хопкинс университеті жаңа технологияның вакцинация үшін қолданылатыны туралы ақпаратты жоққа шығаратын мәлімдеме жасады.
«Бұл нанотехнология зертханалық жағдайда жақсы нәтижелер көрсетті. Алайда, бұл әдіс әлі алғашқы сатыда және адамдарда қолдануға рұқсат етілмеген», – делінген Associated Press агенттігі өз порталында жариялаған құжатта.
Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары жасаған кішкентай құрылғылардың жасырын вакцинация үшін пайдаланылатынына ешқандай дәлел жоқ. Олар дәрі-дәрмекті адам ағзасына тиімді жеткізуге арналған. Демек, таралған хабарлама – фейк.