Фейк: «Ғалымдар адамдардың өлетінін біле тұра, табиғатқа араласады»
Telegram чаттарда ғалымдар жыл сайын жүздеген мың адамның өлетінін білсе де, табиғатқа араласады деген ақпарат тарады. Оған атмосфераға күкірт қышқылын шашуға шақырған ғалым Дэвид Кейттің видеосы тіркелген. Бұл нені білдіреді? Түсіндірейік.
Алдымен Дэвид Кейттің кім екенін және оның күкірт қышқылын шашу туралы не айтқанын түсіндірейік. Ол Джон А. Полсон атындағы Гарвард инженерлік және қолданбалы ғылымдар мектебінің қолданбалы физика профессоры және Гарвард Кеннеди мектебінің мемлекеттік саясат профессоры. Сонымен қатар көміртекті бейтарап көмірсутек отынын өндіру үшін қоршаған ауадан CO2 алу технологиясын әзірлейтін Carbon Engineering компаниясының негізін қалаушы. Оның еңбектері климаттың өзгеруіне қарсы күрес әдістеріне, энергетикалық технологияларға және басқа да өзекті мәселелерге арналған. Дэвид Кейт Гарвардтың күн геоинженериясын зерттеу бағдарламасын басқаратынымен белгілі.
Желіде үзіндісі тараған видео 2013 жылы түсірілген. Ол кезде Дэвид Кейт The Colbert Report кешкі шоуында сөз сөйлеген.
Сонда Кейт жаһандық жылынуды болдырмау үшін атмосфераға күкірт қышқылын шашуды ұсынды. Кейттің айтуынша, мұндай әрекеттер миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондай-ақ ол сол уақытта адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға жыл сайын шамамен 50 млн тонна күкірт қышқылы шығарылғанын айтқан болатын. Оның есептеулері бойынша, жаһандық жылынуды бәсеңдетуге қабілетті қосымша шығарындылар бұл мөлшердің тек 1% құрайды. Осы кезде шоу жүргізушісі Стивен Колберт жыл сайын 50 млн тонна күкірт қышқылының ауа шығарылуы салдарынан жылына миллиардқа жуық адам қайтыс болатынына және қосымша шығарындылар өлімнің артуына әкелуі мүмкін екеніне назар аударды. Оған берген жауабында Кейт адамдарды өлтіру оның ұсынысының мақсаты емес екенін айтты.
Қалай болғанда да, күкірт қышқылын атмосфераға шашу жобасы жүзеге асырылған жоқ.
Оны Кейттің Гарвардтағы зерттеу тобының веб-парақшасына кіріп, тексеруге болады. Дэвид Кейттің өзі де, оның әріптестері де мүлдем басқа жобалармен айналысып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды. Бүгінде әлеуетті улы заттарды ауа шашу туралы мәселе қаралып жатқан жоқ.
Осылайша, ғалымдар табиғатқа араласып, адамдарды саналы түрде өлтіреді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Дэвид Кейт жаһандық жылыну қарқынын тоқтату үшін атмосфераға қышқыл шашуды ұсынған. Бірақ бұл жоба жүзеге асырылған жоқ және бүгінгі күні тоқтап тұр.