Жаңалықтар

Фейк: «Алматыда ҰҚК қоймасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрланды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы ҰҚК қоймасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланғаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл жалған.

Бұл қауесетті ҰҚК баспасөз қызметі жоққа шығарды.

– «Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматы бойынша ҰҚКД қару-жарақ, оқ-дәрі және өзге де мүлікті ұрлау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазнет қолданушылары Нұр-Сұлтан қаласына 2000 тәліб келетіні және террористердің Алматы маңындағы биозертхананы басып алғаны туралы фейктер таратқан болатын.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button